Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:41, 01 ноября 2013

Кіші мамандардың курстық даярлығы аяқталды

Blog post image«Отар» 40-әскери базасының оқу орталығында Қазақстан Қарулы Күштерінің кіші мамандарын оқытудың кезекті курсы аяқталды.

Дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік даярлық пәндері бойынша емтихандарды табысты тапсырған курсанттар алған мамандықтары бойынша әрі қарай кіші командирлердің лауазымдарында қызмет атқару үшін әскери бөлімдерге жіберілетін болады.

Курстық даярлықтан өтуге іріктеп алынған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жарты жыл бойы САУ2С-3 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғысының зеңбірек командирі, механик-жүргізушісі, миномет командирі, барлау және нысана көрсету бастықтары, бөлімше командирі – топогеодезистер, командир-есептеушілер, жаяу әскер жауынгерлік машинасының механик-жүргізушілері, көздеуші-операторлары, БТР механик-жүргізушілері, Т-72 танкінің механик жүргізушілері сияқты мамандықтар бойынша дайындықтан өтті.

Кіші командирлерді даярлау кезінде қарудың әр түрінен атуға, жауынгерлік машиналарды жүргізуге және курсанттардың дене даярлығын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Оқу орталығында даярлықтан өткен жас курсанттар білімдерін тек жауынгерлік даярлық пәндерімен толықтырып қана қоймай, түрлі іс-шаралар барысында өздерінің спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Жауынгерлік даярлық пәндері бойынша емтихандардан табысты өткен курсанттар курстық даярлықты аяқтағандары туралы куәліктер алды.

Салтанатты шараның соңына қарай барлық қатысушыларға арналып Гарнизондық Офицерлер үйінде концерт қойылды.

www.strategy2050.kz

0
229
0