Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:58, 31 октября 2013

БҚО-да баланы құтқарып қалған полицей өзін ерлік жасадым деп санамайды

 

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полицейі Ыдырыс Зейнуллин баланы құтқарып қалған әрекетін өзінің азаматтық борышы деп санайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Полицейдің ерлігін күллі облыс халқы біледі. Өңірдегі танымал ақын Бауыржан Қалиолла БҚО ІІД-нің басшылығына жолдаған алғыс хатында былай деп жазады:    

«Сырым ауданындағы Қособа ауылында той өткізетін орын болмағандықтан тұрғындар тойды аудандағы мекемелерге келіп өткізеді. 6 сәуірде аудан орталығындағы «Жұлдыз» дәмханасында туысқандардың бірінің үйлену тойы өтіп жатты. Үлкендер той қамымымен жүргенде Ерқатпен ойнап жүрген кішкене балалар оның қалдық, сарқын су төгілетін шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. Тойға келген қонақтардың арасында болған Сырым АІІБ-нің учаскелік инспекторы Ыдырыс Зейнуллин киіміне, сасық сарқынға қарамастан құдыққа секіріп түсіп, батып кеткен баланы алып шықты. Туысқандар атынан баламызды құтқарып қалған Ы.Зейнуллинге алғыс айтамыз».

Ыдырыс Зейнуллин бұл өзінің азаматтық борышым деп санайды.

«Үйлену тойы басталғанға шейін таныстарыммен сөйлесіп тұрған едім, дәмхана қызметкерінің көмекке шақырған дауысы естілді. Барлығымыз дәмханаға жүгірдік. Сарқын су жиналатын құдықтың түбінен баланың дауысы естіледі. Жақын келіп, біреулер телефонымен жарық түсірді, онда бірде батып, бірде бетіне шыққан баланы көрдік. Мен ойланбастан құдыққа секірдім. Құдықтың тереңдігі адам бойынан асады екен. Бала батып кеткен, мен сарқынның түбіне бойлап баланы қолынан тартып алып шықтым. Таза ауа жұтқан соң бала өзіне келді, оны дереу ауруханаға жеткіздік», - дейді полицей.

Қособа ауылының әкімі Мейірбол Ахметқалиев учаскелік инспекторға разы болып отыр. Оның айтуына қарағанда тұрғындар полицей: «Біздің Ыдырыс» деп атайды екен. Ол әріптестері, ауыл тұрғындары да қатты сыйлайды. Ыдырыс Зейнуллин ҚР ІІМ-нің «Құрмет» орденімен марапатталған.


0
387
0