• 410921
  • 24
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстан мен Ұлыбритания Қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастықтың болашағы жайын талқылады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Ұлыбританияда болды. Бүгін Лондонда, корольдік құрметті қарауылдың қатысуымен өткен кездесудің ресми рәсімінен кейін Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомствосының басшылары Әділбек Жақсыбеков пен Филипп Хаммонд екі жақты келіссөздер жүргізді.

 

Кездесу кезінде тараптар қазақстан-британ әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашақта оны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

– Ұлыбритания Қазақстанның стратегиялық серіктесі болып табылады, осыған байланысты біз жан-жақты қарым-қатынасқа айырықша мән береміз. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания премьер-министрімен арадағы достық қарым-қатынасы дәстүрлі сипат алды, екі жақты байланыстардың қолайлы дамуына мүмкіндік жасады. Биыл жазда Премьер-мигнистр Джеймс Камеронның Қазақстанға сапары аталған дәстүрдің дәлелі. Сол сапар келешекте өзара қолайлы ынтымақтастықтың стратегиялық деңгейіне көшуімізді анықтап берді,-деп атап өтті ҚР Қорғаныс министрі.

Қазақстан мен Ұлыбритания бітімгерлік пен әскери білім саласында белсенді ынтымақтастықта. Әділбек Жақсыбеков пен Филипп Хаммонд екі елдің бітімгерлік бөлімшелерінің бірлескен командалық-штабтық жаттығулары мәселелерін, сондай-ақ әскери ғылым саласы бойынша өзара қарым-қатынастар жайын талқылады.

Қазақстан армиясы бүгінде кәсіби негізге көшу кезеңінде тұр, бұл істе Британияның бай тәжірибесі бар. Қазақстан Қарулы Күштер қатарына қызметкерлер қабылдаудың әдістерін, кадр саясатын жүргізуді, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды, бюджеттік жоспарлау мен  әлеуметтік қамтамасыз ету негіздерін үйренуге мүдделі.

Осы күні Қорғаныс министрлігінде Әділбек Жақсыбеков Біріккен Корольдіктің Қарулы Күштері Қорғаныс штабының бастығы генерал Николас Хаугтонмен және Ұлыбритания Қарулы Күштері Бас штабының бастығы  генерал Питер Уолмен кездесулер өткізді. Британдық генералитетпен келіссөздің негізгі тақырыбы Ұлыбритания Қарулы Күштерінің кәсібилендірілуі болды.

Лондонда қазақстандық әскери делегация Ұлыбританияның Сауда-инвеститциялық палатасы (UKTI DCO) мен жерсеріктік байланыс құралдарын өндіру бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылатын InMarSat компаниясында болды. Ғаламдық жерсеріктік байланыс жүйесін әзірлеуші және жасаушы болып табылатын Инмарсат компаниясы қазіргі уақытта төртінші буынның геостационарлық жерсеріктерін пайдаланады.

UKTI DCO офисінде (Ұлыбританияның шетелдік әскери өнеркәсіп кешендерімен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіруші орган) британ тарапы үш әскери өнеркәсіп кешенімен брифинг өткізді. Олар: QinetiQ мультиұлттық қорғаныс технологиялық компаниясы; аэроғарыштық индустрияның көшбасшы компаниясы – Cobham және әлемде әскери жолсыз жермен жүретін техникаларды шығарудағы ең тәжірибесі мол Land Rover компаниясы.

Келіссөз барысында Қазақстан әскери ведомствосы қорғаныс өнеркәсібінің жеткілікті түрде белгіленген жетістікке жетуі үшін бар күш-жігерін салатындығын атап өтті. Қазақстан жағы бірлескен кәсіпорындарды құруға, технологияны трансферттеуге, өндірісті оқшаулауға қызығушылық танытып отыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Армияны заманауи жоғары технологиялық қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз етуге айырықша назар аударады. Сондықтан, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту Қорғаныс министрлігінің басты басымдықтарының бірі болып табылады, - деп қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

МО РК minoboronyRK
Министерство обороны Республики Казахстан является центральным исполнительным органом, осуществляющим государственную политику в сфере обороны, а также руководство Вооруженными Силами Республики Казахстан. Веб-сайт МО РК www.mod.gov.kz
31 октября 2013, 16:54
234

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38672
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10481
  • 171
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2407
  • 44
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2007
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1867
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1704
  • 1