• 96102
  • 174
  • 15
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVI көшпелі отырысы

28-29 қазанда Павлодар қаласында ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің XVI көшпелі отырысы өтті. Онда қарастырылған басты тақырып спорттық инфрақұрылымның дамуы және жастарды спортқа баулу мәселесі болды. Жастар арасында көпшілік спортты дамытудың осы және басқа да көкейкесті сұрақтары Павлодар қаласындағы Достық үйінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Дәстүр бойынша Кеңес мүшелері жұмысшы, студент, ауыл жастары, бюджетті саланың қызметкерлері мен  жас кәсіпкерлермен кездесті. Аталмыш іс-шараның аясында жастар ресурсты орталықтарының тұрақты дамуына байланысты «ЖРО құқықтық қызметінің негіздері», «ЖРО жастармен жұмыс жасауы», «Сектораралық қарым-қатынас арқылы ЖРО қызметінің тиімділігін арттыру», «Жобаларды және бюджеттеуді басқарудың негіздері» бағыттары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Семинар-тренингтерге облыстық, қалалық және аудандық ресурсты орталықтардың жетекшілері қатысты. Павлодарлық Жастарға қызмет көрсету орталығының тәжірибесі мен қызметін үйлестіру мақсатында өңірлік жастар ресурстық орталықтары туралы Үлгілік ереже жобасы талқыланды. Нәтижесінде жастарға арналған ресурсты орталықтардың қызметіне байланысты негізгі түсіністікке қол жетіп, өңірлік ЖРО қызметін дамыту бойынша механизмдер қарастырылды.

Соңғы кездері Кеңес жастар саясатының сарапшылық сүйемелдеуін күшейтуді  мақсат етуде. Осы орайда Елбасымыз  Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып, Кеңес мүшелерінің құрамынан жастар саясаты мәселелері бойынша сарапшылар клубы жасақталып жатқанын атап өткен жөн.

ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ресми сайтында 29 қазанда өткізілген XVI көшпелі отырысының Пленарлы мәжілісі онлайн трансляциясы түрінде көрсетілді. Оған өңірлік жастар саясаты, спорт және дене шынықтыру, білім басқармаларының басшылары, маслихат депутаттарынан құралған жастар саясаты мәселелері бойынша партиялық кураторлар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен бизнестің өкілдері қатысты. Отырысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла жүзгізді. Алғашқы сөз Павлодар обласының әкімі Арын Ерлан Мұхтарұлына берілді. Ол жауап беретін аймағында көтерілген мәселеге байланысты атқарылып жатқан біршама жұмыстар туралы баяндап берді. Әкім «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының арқасында Павлодар облысында 453 жоба мақұлданғанын және оның 10% жастарға тиесілі екенін мәлімдеді. Бұған қоса, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен облыстан 208 маман қызметке ауылға кеткенін атап өтті. Студенттерге арналған 2 жатақхана салынып, мемлекеттік граннттан басқа, демеушілердің қолдауымен тағы да 1000 грант бөлінгені туралы ақпарат берді. Арын Ерланның айтуы бойынша кеңестің бастамасымен жетімдердің тұрғын үй жағдайы айрықша қолға алынып, оларға пәтер бөлу айтарлықтай жолға қойылған. Мәселен, Екібастұзда салынған үйден 47, ал Ақсуда 20 пәтер балалар үйлерінің түлектеріне бөлінген болса, Павлодарда салынып жатқан 135 пәтерлі үйден олардың үлесіне 101 пәтер тиетін болады.

Отырыс барысында  спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Есентаев Тастанбек, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бегентаев Мейрам, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жастар ісі бойынша комитетінің төрағасы Оспанқұлов Ғабидолла, Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Сухорукова Наталья, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әбдірасылов Болатбектен басқа, еліміздің көрнекті қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханов та жалынды сөз сөйледі. Ол жақында Қазақстанда әлем бүркітшілері бас қосып, елеулі шара өткізілетіні жөнінде хабарлады. Сонымен қатар ұлттық спортты дамыту мәселесіне баса тоқталып, олардың шешу жолдарын да ұсынды. Кеңес төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла бұның барлығын назардан тыс қалдырмай, арнайы хаттамаға енгізуді бұйырды.

Қатысушылардың ішінде де өз пікірін білдіріп, ұсыныс жасағандар болды. Шараның үстінде спорттық инфрақұрылымның дамуы және жастарды спортқа баулу мәселесіне қатысты айтылған пікірлердің қорытындысы бойынша ұсыныстар пакеті әзірленбек. Отырыстың тағы да бір жарқын сәтіне мектеп спорты Федерациясының Президенті болып Әбдірахымов Ғабидолла сайланып, кеудесіне төс белгі тағылғаны жатады. Оның кандидатурасы Алматыда өткен мектеп спорты Федерациясының кезектен тыс отырысында ұсынылып, бірауыздан қолдауға ие болды.

Пленарлы мәжілісінің отырысы аясында «Идея на миллион» бизнес жобалар сайысының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өткізілді. Бірінші орынды «Wi-Fi menu» жобасының авторлары иеленіп, 300 000 тг көлемінде ақшалай сый алды.

Жиынның соңында Павлодар облысының әкімі Арын Ерлан онлайн трансляцияны салауатты ұрпақ қалыптастыру мәселесіне қатысы бар көптеген органдар көріп отырғанын айтып, оларға Пленарлы отырыстан тікелей бұйрықтар мен кеңестерді беріп кетті. Мәнді де баянды отырысты аяқтай отырып, ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Әбдірахымов Ғабидолла барлық қатысушыларға алғыс білдірді де айтылған ұсыныстарды жүзеге асыратын болайық деді.

Достар, біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылуға болатынын ұмытпаңыздар:FacebookVkontakteTwitterInstagram.

zhaskenes2012
Совет по молодежной политике при Президенте РК создан в 2008 году с целью усиления взаимодействия между государственными органами и молодежными организациями. В состав Совета входят ответственные секретари заинтересованных государственных органов, депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, лидеры молодежных НПО. В этом блоге мы будем рассказывать о деятельности совета, анонсировать и освещать интересные события в сфере государственной молодежной политики и многое другое. Подписывайтесь на наши обновления! С уважением секретариат Совета по молодежной политике при Президенте РК.
31 октября 2013, 17:32
1470

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 10550
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4493
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 3016
  • 72
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2137
  • 74
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1701
  • 53
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1451
  • 49
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1424
  • 10
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1459
  • 16