Электронды үкімет және Ұстаз — ҚР Электрондық үкіметінің жұмысы туралы шығармашылық конкурс

Ізгілік Нагиев October 30, 2013
1372
0
4
0

Қоғамда күнделікті үй шаруасы және қызметті қатар алып жүрген мамандық иелері Ұстаздар екені белгілі. Ұстаздың күнделікті өмірінде және жұмысында Электронды үкімет қызметтерін пайдалануы айтарлықтай...

Қоғамда күнделікті үй шаруасы және қызметті қатар алып жүрген мамандық иелері Ұстаздар екені белгілі. Ұстаздың күнделікті өмірінде және жұмысында Электронды үкімет қызметтерін пайдалануы айтарлықтай жеңілдіктер әкеледі. Сонымен қатар Ұстаз ретінде оқушыларына, ата-аналарға да түсіндіріп, үйретеді.

Республикалық 45minut.kz басылымы ҚР Электрондық үкіметінің жұмысын жарнамалау және таныстыру мақсатында Ұстаздар арасында шығармашылық конкурс жариялайды. Конкурсқа www.45minut.kz сайтының қолданушылары қатыса алады.

Шығармашылық конкурс атауы: Электронды үкімет және Ұстаз

Конкурс шарты: ҚР Электрондық үкіметінің http://egov.kz сайты туралы және Электронды үкімет қызметтерін күнделікті тұрмыста, жұмыста, пайдаланудың мысалдары көрсетілген қазақ немесе орыс тілдерінде жазылған материалдар қатыстырылады. Сонымен қатар оқушыларға, ата-аналарға электронды үкімет туралы мағлұмат беру және түсіндіру мысалдарын да көрсетуге болады.

Мерзімі: 30.10.2013 ж — 05.11.2013 ж

Материалдар форматы: Баяндама, Эссе, Шығарма, Презентация, Суреттер

Материалдарды қабылдау почтасы: 45minut.kz@mail.ru

Материалдар www.45minut.kz сайтында жарияланады және қатысушыларға сертификат беріледі.

 

Оцените пост

4