Хромтаулық волейболшы жігіттер тұңғыш рет Қазақстан кубогын иеленді

Kazsport agent 2013 M10 30
168
0
0
0

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті. Бұған дейін 16-23 қазанда өз алаңыңындағы ширек финалда 4-орын алып...

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті. Бұған дейін 16-23 қазанда өз алаңыңындағы ширек финалда 4-орын алып, жартылай финалға әупірімдеп жүріп өткен алаң иелерінің «ТНК Қазхромы» өз жанкүйерлерін үлкен қуанышқа кенелтті.

Олар жартылай финалда «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), ал финалда «Алматы» командаларын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, өз тарихында тұңғыш рет ел кубогын иеленді. Бұған дейін оған Алматы қаласының волейболшылары 7 рет, теміртаулықтар мен семейліктер — 2, қызылжарлықтар павлодарлықтар, талдықорғандықтар — 1 мәрте қол жеткізген болатын. Атап айтқанда алматылықтардан 1993 жылы «Азамат», 1997 жылы «РКС-2» 2003-2005 жылдары «Рахат-ЦСКА», 2007, 2008, 2011 жылдары «Алматы» командалары үздік шықты. Теміртаудың «Болаты» 1996 жылы, «Испат-Карметі» 1998 жылы, ал «Семей» 2001, 2002 жылдары және Талдықорғанның «Жетісуы» 1994 жылы, Қызылжардың «Дорожнигі» 1995 жылы және «Павлодар» командасы 2012 жылы жеңімпаз атанған еді. Биыл хромтаулықтар бірінші, алматылықтар екінші, оралдықтар үшінші орынға табан тіреді.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0
Дальше