Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:23, 29 октября 2013

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің парашютшілері Қытайдан он алтын медальмен оралды

Blog post imageҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің парашютшілер спорт командасы Азия мен Океанияның XV және ҚХР-ның 37-ші әскери парашют спорты бойынша интернационалдық ашық чемпионатына қатысты. Жарыстар қытайдың  Вухань және Куанглай қалаларында өтті.

Қазақстан, Қытай, Катар, КХДР, Оңтүстік Корея, БАӘ, Марокко мен Бахрейн командалары парашюттік акробатика және классикалық парашютизм түрлері бойынша өнерлерін ортаға салды.

Әуе қорғанысы күштері командасын бастап барған команда бастығы майор Леонид Дудкиннің жетекшілігімен Қазақстан Қарулы Күштерінің оңай жарылатын жаңғақ емес екендіктері танытылды, қоржынға 21 медаль түсті.

Азия мен Океанияның және Қытайдың интернационалдық ашық чемпионатында күмбезді парашюттік акробатика командасының мүшелері прапорщиктер Сергея Болотнов, Арсения Тарабаева, старшиналар Андрей Томилин, Денис Новицкой және ҚР Қарулы Күштері қызметкері Александра Терентьева чемптон деп танылды. Команда он алтын медальмен және екі Кубокпен марапатталды.

Ерлер арасындағы Азия мен Океания чемпионатының жеке біріншілігінде аға прапорщик Вячеслав Ли екінші орын, ал Қытайдың ашық интернационалдық чемпионатында жеке парашюттік акробатикадан үшінші орын алды. Спортшы күміс және қола медальдармен марапатталды.

Азия мен Океания чемпионатында классикалық парашютизмнен қыздар командасы топ болып белгіленген жерге қонудан үшінші орынды иеленді. Аға прапорщиктер Инна Анцупова, Наталья Николаева, Ольга Федоренко, прапорщик Бибігүл Рамазанова және кіші сержант Римма Рамазановалар қола медальге ие болды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері парашютшілерді дайындау Орталығының жеке құрамы екі чемпионаттан 7 кубок, 21 медальді олжалады, оның 10-алтын, 3-еуі күміс және 8-і қола.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
208
0