место в рейтинге
  • 763126
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті

Бокстан 14 қазан күні жалауын көтерген Әлем чемпионаты да мәресіне жетті. Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

49 келі


Бұл салмақ дәрежесінде жерлесіміз Біржан Жақыпов қарсыластарының барлығына мықтылығын танытып, алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз алтын алқаға оңай қол жеткізген жоқ. Ресейлік Белик Галановты, пуэрто-рикалық Чакон Риберуды, жартылай финалда кубалық Йосбани Вейтиа Сотоны тізе бүктірді.  Ал ақтық сында алжирлік Мохаммед Флиссиді сенімді түрде жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасында 2005 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тумасы Әлем чемпионы атанды. Енді Біржанның шаршы алаңға шығу, шықпауы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Алтын – Біржан Жақыпов (Қазақстан)

Күміс – Мохаммед Флисси (Алжир)

Қола — Йосбани Вейтиа Сото (Куба), Давид Родригес (Коста-Рика)

52 келі


Бұл салмақ дәрежесінің ақтық сынына өзбекстандық Жасурбек Латипов пен ресейлік Миша Алоян көтерілді. Жасурбек жақсы-ақ жұдырық түйістірді, алайда Миша мықтылығын танытып кетті. Ал 52 келіде ел намысын қорғаған Ілияс Сүлейменов ширек финалдан аса алмаған еді. Ол британдық боксшы Эндрю Селбиден жеңілді. Лондонда кеткен есені қайтарады деген үмітіміз ақталмады. Естеріңізде болса, дәл осы британдық спортшы Ілиясты 19:15 есебімен жеңіп, ширек финалға жібермеген еді.

Алтын – Миша Алоян (Ресей)

Күміс – Жасурбек Латипов (Өзбекстан)

Қола — Чатчай Бутди (Тайланд), Эндрю Селби (Уэльс)

56 келі


Бұл салмақ дәрежесінде алтын алқа әзірбайжан былғары қолғап шеберіДжавид Чалабиевқа бұйырды. Ол финалда ресейлік Владимир Никитиннен басым түсті. Ал жартылай финалда осы салмақта ел намысын қорғаған Қайрат Ералиев дәл осы Джабидтен өте алмай, қола жүлдені місе тұтқан еді.

Алтын – Джавид Чалабиев (Әзірбайжан)

Күміс – Владимир Никитин (Ресей)

Қола – Қайрат Ералиев (Қазақстан), Мыкола Бутценко (Украина)

60 келі


Алматыда бұл салмақ дәрежесінің бас жүлдесін кубалық боксшы Лазаро Эстрада еншіледі. Ол финалда бразилиялық Робсон Консеисаоданбасым түсті. Ал жерлесіміз Берік Әбдірахманов үшінші сатыдан көрінді.

Алтын – Лазаро Эстрада (Куба)

Күміс — Робсон Консеисао (Бразилия)

Қола – Берік Әбдірахманов (Қазақстан), Доменико Валентино (Италия)

64 келі


Бұл салмақ дәрежесінде көк туымызды көкте желбіреп, Әнұранымыз биікте шарықтады. Мерей Ақшалов ақтық сында кубалық Ясньер Лопес Толедоны жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Кездесуден кейін журналистермен тілдескен Мерей Ақшалов жеңісін қазақ еліне және дүниеге келген бүлдіршініне арнайтынын айтты.

Алтын — Мерей Ақшалов (Қазақстан)

Күміс - Ясньер Лопес Толедо (Куба)

Қола - Эвертон Лопес (Бразилия), Мунх-Ерден Уранчимег (Моңғолия)

69 келі


Бұл салмақ дәрежесінде қазақ боксшылары ешкімге дес бермей келеді. Мұны осы Әлем чемпионатында да дәлелдеді. Шаршы алаңға команда капитаны болып Қазақстан құрамасына бастап шыққан Данияр Елеусінов финалда кубалық Ариснойдис Диспэйнды қиналмай жеңіп, Әлем чемпионы атанды. Данияр өз жеңісін боксшыларды қолдауға келгенпрезидент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнады.

Алтын – Данияр Елеусінов (Қазақстан)

Күміс — Ариснойдис Диспэйн (Куба)

Қола — Араик Марутян (Германия), Габриэл Маэстрое (Венесуэла)

75 келі


Бұл салмақ дәрежесінде жиырма жастағы жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы топ жарды. Финалда отандық былғары қолғап шеберіміз ирландық Джейсон Куиглиден кездесті. Жәнібек алғашқы раундта ирландық боксшыны нокдаунға жіберіп, өз жеңісіне бір табан жақындай түсті. Сосын қазақ боксшысы епті қимылдап, ирландық жасаған шабуылдарға қарсы жауап қайтарып, әр сәтте айласын асырып отырды. Артық қимылға бара алмаған ирландық ақыры қазақ жігітінің мықтылығын мойындауына тура келді.

Алтын – Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

Күміс – Джейсон Куигли (Ирландия)

Қола — Артем Чеботарев (Ресей), Энтони Фоулер (Англия)

81 келі


Бұл салмақ дәрежесінде Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегеріӘділбек Ниязымбетов ел намысын қорғады. Ол финалда кубалықХулио де ла Круздан айласын асыра алмады. Әділбек Бакудегі әлемдік сынның финалында осы Круздан ұтылған еді. Бұл жолы да жерлесіміз күміс жүлдені иеленді.

Алтын – Хулио де ла Круз (Куба)

Күміс – Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан)

Қола — Ойбек Мамазулунов (Өзбекстан), Жозеф Вард (Ирландия)

91 келі


Бұл салмақта алтынды Италия боксшысы Клементо Руссо алды. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкодан басым түсті. Ал бұл салмақта еліміздің атынан сынға түскен Антон Пинчук өзбек Рустам Тулагановтан жеңіліп, жүлдеден қағылған болатын.

Алтын – Клементо Руссо (Италия)

Күміс – Евгений Тищенко (Ресей)

Қола — Теймур Маммадов (Әзірбайжан), Ямил Пералта (Аргентина)

+ 91 келі


Бұл салмақ дәрежесінде шаршы алаңға қазақ елінің атынан шыққанИван Дычко ақтық сынға дейін сүрінбей жетіп, финалда әзірбайжанМохамедрасул Меджидовтан нокаутқа түсіп, күміспен күптелді.

Алтын — Мохамедрасул Меджидов (Әзірбайжан)

Күміс – Иван Дычко (Қазақстан)

Қола — Роберто Камарелле (Италия), Эрик Пфайфер (Германия)

Сонымен Алматыда өткен Әлем чемпионатына Еуропадан 39, Азиядан 26, Оңтүстік және Солтүстік Америкадан 25, Африкадан 22, Мұхит аймағынан 4 мемлекет спортшылары қатысты. Және де ең басты ерекшелігі – былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда шлемсіз өнер көрсетті. Әлем чемпионаты жайлы АІВА президенті  Чинг Куо Ву өз рақметін жеткізіп, байрақты бәсекенің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.


Қазақстан құрамасы барлық әлемдік сындағы жүлделерінің саны 32 болды. Оның оны алтын, сегізі күміс, он төртеуі қола. Әзірге Куба, Ресей, бұрынғы КСРО, АҚШ елдерінен кейін бесінші орындамыз.

Коста Рика елі бокстан тұңғыш рет әлемдік сынның жүлдесін иеленіп отыр.

Бакудегі біріншілікте жалпы есепте бірінші болған Украина құрамасы бұл жолы бір қола ғана алды.

Бұл біріншілікте Үндістан және Қытай елдері жүлдесіз қалды.

Келесі Әлем чемпионаты 2015 жылы Катардың Доха қаласында өтеді.

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
28 октября 2013, 11:55
694

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5039
  • 12
Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

16 сентября в Лас-Вегасе состоится боксёрский вечер, главным событием на котором станет бой за титул чемпиона мира в среднем весе между Геннадием Головкиным и Саулем «Канело» Альваресом.
openqazaqstan
13 сент. 2017 / 13:44
  • 4964
  • 33
Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Сегодня в Казахстане активно обсуждают предложенный латинский алфавит казахского языка в Парламенте, мнения высказываются самые разные, некоторые даже предпочли вообще отказаться от такого перехода.
Shimanskaya
13 сент. 2017 / 12:28
  • 2899
  • 44
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2801
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2097
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1792
  • 21
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 1884
  • 17
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
вчера / 15:45
  • 1533
  • 16