Тікелей эфир

Асхат Еркімбай: «Ғылым адами негізде қалыптасады»

Айжан Кәрібаева

журналист

Қала оқушылары мен ауыл оқушыларының айырмашылығы

Иә, айырмашылығы қатты сезіледі. Екі жақтың да артықшылығы мен кемшілігі бар. Мысалы, қала мектептерінде оқушылар ашық, еркін ойлы, бірақ ауылдың балаларымен салыстырғанда ұлттық мәселеде көп ақпараттанбаған. Ауылдың балаларында ұяңдығы басым, білсем деп тұрса да - ұялады. Сол себепті ауыл балаларына ұяңдығын ашу керек, ал қала мектептеріне қазақилықты көбірек түсіндіру керек болады. Бірақ ол айырмашылық студенттер арасында 3-4 курстарда жойылып кетеді.

Негізі белгілі бір деңгейде ұяңдық дұрыс. Ол иманнан болады. Адам ұяң болса, тыңдайды деген сөз. Кейде, мысалы, мүлде бет бақтыртпайтын студенттер болады, ол оны демократия деп қате түсінеді. Ол жай ғана өзін көрсету, білім алу құштарлығы мүлде жоқ деген сөз. Ал ұяң балада үйренуге деген құштарлық көбірек.

Негізі «қазақи тәрбиенің» өзі тыйымнан құралған. Кішкентайынан ата-аналар «тыныш отыр», «ананы тиіспе», «анда барма», «мында барма» деп тыйым айтумен болады, оның түбі жасқаншақтыққа келіп соғады. Кейін олар сабақта «сұрасам ба екен, сұрамасам ба екен?», «сұрасам, өзімді білмейтін адамдай көрсетіп қоям ғой» деп ойлайды. Мысалы, өзім ауыл мектебінен қала мектебіне ауысқанмын. Ал бізді кішкентайымыздан білген нәрсеңді айтып отыруға үйреткен. Үнемі сабақ айтып, белсенді отыруға тырысатынмын. Ал қала мектебінде ондай әрекетің саған «білгіш» деген таңба басады екен. Сосын өзіңді баса бастайсың «қойшы, білгіш бола бермей, айтпай-ақ қояйыншы» деп. Бірақ оны да жеңіп шығу керек.

Кейін бұл әдетім әлі де қалмапты. Шетелге оқу үшін он мың кандидат арасынан Маски бағдарламасын жеңіп шыққанда, Алматыда он адамға арналған orientation болды. Сол кезде де мен бірінші партаға отырып алып, «менде үлкен қорқыныш бар, менде academic writing нашар, оны еш жерде оқымағанмын, не істеймін» деп қайта-қайта сұрай берсем керек, маған кейін «енді сен оны үйрену үшін бара жатырсың ғой» деді. Сол кезде мен түсінгендей болдым. Менде білетін адамдай көріну керекпін деген комплекс болады екен. Ешкім де аспаннан біліп түспейді, білмегеніңді айтып қана ол нәрсені үйренесің, білесің. Сен қателесу үшін оқуға түсесің. Қателесуге хақың бар, ол табиғи процес. Қателесуден қорықпауды студенттер түсінсе деймін.

Оның екінші жағы – білгішсіну. Мектепте физика мұғаліміміз «білемін деп айтпаңдар» деп ұрсатын. «Білмеймін деп айтқан адам бір жерден шығады» дейтін тағы да. Сонда қазір ойлап отырсам, жаңа нәрсені білмеймін деп айтуға ұмтылу керек екен.

Менің мұғалімдерім және Майкл Браун

Менің Қарағанды облысы, Сәтпаев ауылындағы мектепте Баян Аюповна деген орыс тілді сынып жетекшім болды. Қазақ мектебіне барып жүрмін, бірақ мұғалімім орысша сөйлейді. Бұл қалай дегенімде, ол кісі өзі Солтүстік Қазақстанда туып, кеңес заманында жалғыз қазақ болып мектепте оқып, талай шеттетулер көріп, талай қиындыққа ұшыраған екен. Сол кезден ол өз-өзіне қазақ балаларын оқытамын деп серт беріпті. Бізге мектеп бағдарламасы бойынша 10-11 сыныпта алгебра, геометрияны 1-2 тоқсанда бітіртіп тастатып, Мәскеу, Томск технологиялық университетінің арнайы оқулықтарымен оқытатын. Бізге бола, арнайы ЖОО-ның профессорларын шақыртатын. Ең бірінші, мені шабыттандырған сол кісі еді. Егер шын ниетің болса, жаның ашыса, саған жүктелген міндеттен екі-үш есе көбірек істеуге болады.

Университет енді басқа орта. Онда қазақ тілі әдебиетінен кумир тұтқан, кітабын жастанып оқитын мұғалімім болды. Кейін бір күні көшеде кетіп бара жатсам, ішіп алған, мас күйінде көрдім. 1 курс мені жағамнан ұстап алып «бір бөтелке әкеліп бер» дегенінде есеңгіреп, 2-3 күн өз-өзіме келе алмағаным бар (күліп). Кейінірек түсіндім: университетте адами, ізгілік қарым-қатынас дамытатын, оны жоғары қоятын мұғалімдер жақсырақ болады екен. Мектептегідей онда мұғалімді кумир тұтып қажет емес. Ондай мұғалімдер студентке объект ретінде емес, адам ретінде қарайды. Проблемасы бар, ауылдан келген студент деп жанашырлықпен қарауы мүмкін. Кейін есіңде лекциядағы сабақтар емес, көбінесе мұғалімдермен адами қарым-қатынасың, ауызашарға шақырып, тауға барғаның сияқты сәттер қалады екен. Сол себепті мұғалім ретінде өзіңді супер бәрін білемін деп көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені оқушыларың сені қуып жетеді. Әсіресе журналистика факультетінде, оқу бітіргеннен соң студентіңмен әріптес, бір деңгейлес боласың.

Шетелден келгенде бірден байқалады. Екі жыл болмаған кезімде Қазақстан қатты өзгерген. Қоғамда агрессия көп, бірақ құр эмоциялар басылған. Орта қазақиланып, қазақ мүддесі ашық айтыла бастаған. Жыл өткен сайын орыс тілді орта ығысып, қазақи орта басып келе жатыр. Сол тенденция қатты білінеді.

Ал Америкада Майкл Браун деген ғылыми жетекшім болды. Ол енді саған туған әкеңдей қарайласады. Оларда студентке объект ретінде қарау деген мүлдем миларына кіріп шықпайды. Баласындай, әріптесіндей көріп, тамағыңды да алып береді, «студентсің ғой, төлеме» деп неше түрлі қамқорлығын көрсетеді. Алпыс-жетпістердегі кісі болса да, Майк деп ата дейді, оны үлкен профессор деп қабылдамайсың да, өте қарапайым адам. Талай рет үйіне барып, иті-мысығына дейін танып, талай рет ғылыми еңбектерін асханасында талқылағанымыз бар.

Сондай қарапайым болғаны соншалық, оған бар нәрсеңді ашық айта бересің, бүкіл нәрсені талқылай аласың. Басқа ешкім түсінбесе де, ғылыми жетекшім, Майкл Браун мені түсінеді деген мықты сенім қалыптасты. Солай әркімге өз ғылыми жетекшілері ыстық. Мысалы, осы жылғы лондондық олимпиада күндері Майктан магистрлік жұмысыма байланысты маңызды бір құжат күтіп отырғанмын. Көп күттіріп хат келді әйтеуір, ашып оқысам, Винокуров жеңісі құтты болсын, әйелім екеуіміз «Қазақстан» деп айқайлап отырмыз деп, тағы да олимпиада жайлы нәрселер жазып кетіпті. Сонда мен Майк менің жұмысым не болды деп күліп жатырмын. Әрине, ғылым маңызды, бірақ ол адами негізде қалыптасады деп еді ол сол кезде. Ғылыми дүние адамилықтан бөлек нәрсе емес. Ғылыми ортада сондай ықыласты, пейілді сезсе, біздің оқушылар да ғалым болуға ұмтылар ма еді деген ойға қаласың.

Журналистерге сабақ берудегі принцептерім

Ал біздің қоғамда, дәстүрлі бағытпен дамып келе жатқан қоғамда, "статус" деген өте маңызды. Ол біздің ұлттық болмысымыз. Әрине, оның жақсы да, жаман да жағы бар. Бірақ шығармашылық адамына қарым-қатынастағы статус деген кедергі келдіреді. Ал индивидуалистік бағытта дамыған Америка үшін керісінше ұжымдық рух қалыптастыру қиынға соғады. Білім беру жүйесінде де олар қазірде топ қылып тапсырма беруге тырысады. Ұжымдастыру олар үшін проблема.

Журналист шығармашылықтың адамы, оның қораштану сезімі, жасқақтау, ұялу, қорқу болмау керек. Өз сабақтарымда соны түсіндіруге, өзіме статус қоймауға тырысамын. Өйткені ол кейін неше түрлі үлкен кісілердің алдында қоғам атынан жасқанбай сұрақ қоя білуі керек. Сабақтарымда тіпті партаның болмауын да қалаймын. Себебі оның өзі оқушы мен студент арасындағы шектеу.

Мен өз сабақтарымда көбінесе тренингтерден алған тәжірибеммен бөлісемін. Студентке ең бастысы, мотивация берсең, ол сабаққа өз еркімен келеді. Екіншіден, үнемі диагностика жасап отыру керек. Бір тапсырма бердің бе, оны оқушы қаншалықты қабылдай алғанын тексеріп отыру керек. Үшіншіден, аудиторияны бақылау керек, яғни адамдар ақпаратты түрліше қабылдайды. Аудиалдар, визуалдар және кинестеттер бар. Сыныпта қайсысы көп, соған байланысты комбинация жасап, не көп сөйлеп, не тақтаға жазып көрсетіп, не ойын ойнатып сездіресің. Содан кейін ғана сабақтан шыққан соң, оқушыларда «бір нәрсе біледі екенмін» деген қанағаттанған сезім пайда болады. Мүмкін бұл тәсіл математика не физика оқытуда дұрыс емес шығар, бірақ дәл журналистикада ол өте тиімді.

Негізі қазақ тіл әдебиетінде оқып шыққан адам бәрібір принципшіл болады. Ғабит Мүсіреповты, Мұхтар Әуезовты оқып, адалдықты дәріптеген шығармалардан күнде сусындайсың. Одан кейін әрине әділдікке болысып, адалдыққа ұмтыласың. Ішіңде негізгі өзек қалыптасады. Бес жыл бойы романтикаға толы шығармаларды оқып жүрген адамға топ етіп жемқорлығы сіңіскен, мәдениетсіз, дөрекі ортаға тап болу өте қиын. Бәлкім басқа салада ондай емес шығар. Бірақ филологтар, мектеп кезімен бірге санағанда, 16 жыл бойы адалдық, әділдік ескен шығармаларды оқып өседі екен. Филфак балалары сезімшіл, әсершіл болып шығатыны содан.

(Материалдың бірінші бөлімі)

Алия Arsik
28 қазан 2013, 12:20
12700

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

bk
1
0
Оқушы, студент, жөнімен "білемін" дегенді де, "білмеймін" дегенді де ұялмай-қысылмай, боскөкіректенбей, айтып үйренгені дұрыс, меніңше. Тек екеуі де шынайы сәттерде айтылсын. Мен өз оқушыларыма білетініңді де, білмейтініңді де анық айтуға ұялма деймін реті келгенде.
Бұл сұхбаттарыңа да рақмет, Айжан, Асхат.
пікіріңізбен бөліскеніңізге сізге рақмет:)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным школьным...
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 6865
  • 12
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 3870
  • 12
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2744
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2696
  • 89
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 2185
  • 35
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2739
  • 1
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 2117
  • 33
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1890
  • 13
Одним уникальным садом в столице станет больше – Корейский сад в Астане

Одним уникальным садом в столице станет больше – Корейский сад в Астане

27 сентября откроет свои двери уникальное место в Астане –  Корейский сад. Подобных общедоступных мест нет в Астане. Это видно по дизайну парка, который был разработан в Южной Корее.
iamYerlan
18 сент. 2017 / 0:51
  • 1917
  • 7