Елімізде әскери офицерлер қатары толықты

МО РК 2013 M10 27
259
0
0
0

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштері институының 167 түлегі жоғары білімді маман атанып, диплом алып шықты. Олардың бірі – ұшқыш, енді бірі – авиациялық-инженер мамандығын...

Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштері институының 167 түлегі жоғары білімді маман атанып, диплом алып шықты. Олардың бірі – ұшқыш, енді бірі – авиациялық-инженер мамандығын алғандар. Еліміздің Қарулы күштеріне кәсіби кадр дайындайтын институттың бұл – 16-шы түлектері.

Институт базасы 1974 жылы ұшқыштар дайындайтын училище болып құрылған еді. Сол кездері 5 мыңнан аса маман даярлап шығарды.  Олардың көбі шет мемлекеттер мен ТМД елдерінде еңбек етіп жүр. 2003 жылы училище институт болып қайта құрылды. Жыл санап техникалық базасы нығайтылып, жаңа үлгідегі ұшақтар мен  тікұшақтар әкелінді. Өткен жылы ғана су жаңа 8 ұшақ және ұрыс жаттығуларын орындауға арналған «Л-39» ұшағы алынды. 2006 жылдан бастап, келісімшарт бойынша шет мемлекеттерге ұшқыштар дайындайды. Елімізде ұшқыш-инженер мамандығына қызығушы жастардың қатары артып келеді. Биылғы оқу жылында институтқа 500 түлек құжат тапсырса, олардың 100-і ғана қатаң іріктеуден өткен.  

Алдияр ҚҰРМАНОВ, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

-Осы мамандықтың иесі болуды бала жастан армандадым. Әскери ұшқыш болып, мемлекетіміздің тыныштығын қорғау – мен үшін мақтаныш. Менің ойымша, әрбір жас өз Отанын қорғай білуі керек.  

Қасымбек КЕНЖЕБАЕВ, Т. БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРІ ИНСТИТУТЫ  БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Бұл түлектер төрт жыл бойы барлық сынақтардан өтті. Әскери өмірдің қиындығына мойыған жоқ, қарсы тұра білді. Олардың Қарулы күштер қатарында адал қызмет етіп, офицер атына лайық боларына сенемін.

 

Хабар

 

Оцените пост

0
Дальше