Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:03, 26 октября 2013

Астанада әскери-спорттық слет өтті

Blog post imageАстанада әскерге шақырылуға дейінгі жастар арасындағы әскери-спорттық клубтардың слеті өтті. Бұл жолы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қаладағы 25 мектеп пен колледжде білім алушыларды жинады.
Ағымдағы жылдың алғашқы әскери-спорттық эстафетасында оған қатысушылар автоматты шашып, жинаудан, пневматикалық мылтықтан атыс дайындығынан және денешынықтыру бойынша 1 шақырымға жүгіріп, білтемірге тартылудан сынақ тапсырды.
ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 5 жылдығына орай өткізілген жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша № 71 мектеп-лицейдің командасы бірінші орын алды. Ал, № 4 мектеп-гимназияның оқушылары жүлделі екінші орынды иеленсе, Гуманитарлық колледж студенттері үшінші орыннан көрінді.
Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мектеп оқушылары арасындағы осындай іс-шараны тоқсан сайын өткізуді жоспарлап отыр. Бұндай шаралар жастар арасында патриоттық тәрбиенің деңгейін арттырып, спорттық шеберлікті жетілдіруге, салауатты өмір салтын насихаттауға және Отан қорғаушы мамандығын белсендіруге оң ықпал етеді.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
228
0