Қаржы полициясы контрафактілік DVD-дискілерді жасау және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі

Қарағанды облысын Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері арнайы операцияның нәтижесінде 2 жыл бойы жасырын цехте контрафактілік DVD-дискілерді жасау және оларды Қарағанды қаласының бүкіл...

Қарағанды облысын Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері арнайы операцияның нәтижесінде 2 жыл бойы жасырын цехте контрафактілік DVD-дискілерді жасау және оларды Қарағанды қаласының бүкіл аумағында сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі.

Жасырын цех күдіктілердің бірінің пәтерінде орналасқан, онда арнайы техниканы пайдаланумен заңсыз өнім жасалған. Сол жерде әрі қарай оларды топтау мен қапатамаларға орай жасалған. Одан соң заңсыз өнім Қарағанды қаласындағы сауда нүктелеріне жіберіліп отырған.
Қазіргі таңда күн сайын контрафактілік тауар жеткізіліп отырған  тұрақты түрде жұмыс істеген 7 сауда нүктесі анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топта әр мүшенің рөлі мен міндеттері нақты бөлінген болатын.
Сонымен, жасырын цех үйінде орналасқан сыбайластардың бірі аталған тауарды техникалық әзірлеуге, екіншісі тауарды сауда нүктелеріне жеткізуге жауапты болған.
2013 жылғы 19 қазанда жасырын цехты қарау нәтижесінде 5 мыңға жуық контрафактілік дискілер, 5 түрлі түсті принтер және 9 DVD жазатын құрал алынды.
Құқық иелеріне келтірілген залал анықталуда.
2013 жылғы 19 қазанда ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты контрафактілік өнімді әзірлеумен айналысатын жасарын цехты ұйымдастырғандары үшін қылмыстық іс қозғалды (ҚК 184-б 4-б. «б»-т.). 
20 қазанда қылмыстық топтың ұйымдастырушысына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басшылық ету фактісі бойынша (ҚР ҚК 235-б.1-б.) және оның бір сыбайласына қатысты қылмыстық топқа қатысу фактісі бойынша (ҚР ҚК 235-б.2-б.) қылмыстық істер қозғалды.
Айыпталушылардың бірі сот санциясымен қамауға алынды.

 

Оцените пост

0