Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:59, 24 октября 2013

«Шахтер» 1 — 1 «АЗ Алкмаар»

Blog post image

Еуропа Лигасы топтық кезеңіндегі үшінші айналым ойындары аясында қарағандылық «Шахтер» «АЗ Алкмаар» командасымен кездесті — 1:1.

«Астана-Арена» стадионында  өткен тартысты ойында қарағандылық команда бірінші болып есеп ашты. Ойынның 11-минутында Симчевич берген пасты Финонченко қақпа торына тоғыта салған еді. Осы тұста бір айта кетерлігі, голдың соғылуына қай жолғыдай Вичюс септігін тигізді. Асыра сілтеген добы қарағандылық ойыншылардың түпкі ойларын жүзеге асыруға септескен болатын.

Арада он минут өткенде, ойынның 26-минутында Йохан Гудмундссон Маттиас Йоханссон берген пасты сәтті пайдаланып, Александр Мокинмен бетпе-бет шығып, астаналық жұрттың өкінішіне орай гол соғып кетті…

Үш турдың қорытындысы бойынша «Шахтер» командасы L тобында үшінші орында тұр. Қарағандылық команданың еншісінде екі ұпай бар. Ал »АЗ Алкмаар» екінші орынға тұрақтаса, бірінші орында израильдік »Маккабиді» тізе бүктірген гректің «ПАОК» командасы жеті ұпаймен көш бастауда.

Ендігі кездесу 7 қараша күні Нидерланды елінде өтеді. «Шахтерге» сәттілік тілейміз!

 
0
202
0