Хоккей: «Қазцинк-Торпедо» Ижевск қаласының құрамасын жеңді

Kazsport agent 2013 M10 24
167
0
0
0

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Ижсталь» (Ресей, Ижевск) командасынан басым түсті. Матчтың алғашқы шайбасын «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері салды. Екінші кезеңде...

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Ижсталь» (Ресей, Ижевск) командасынан басым түсті.

Матчтың алғашқы шайбасын «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері салды. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал үшінші кезеңде «Ижсталь» таразы басын теңестірді. Осыдан кейін ойын қосымша уақытқа, яғни овертаймға ұласты. Онда Өскемен қаласының хоккей клубы табандылық танытып, екінші шайбасын соғып кетті. Қорытынды есеп — 2:1.

Айта кетейік, осы ойында «Қазцинк-Торпедо» екі ұпайды олжалады. Бүгінде команданың еншісінде барлығы 35 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде тек «Торосқа» (36 ұпай) ғана жол беріп отыр.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 

Оцените пост

0
Дальше