БОКС: Әділбек Ниязымбетов — жартылай финалда

Kazsport agent 2013 M10 24
310
0
0
0

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов біздің құрама сапындағы жартылай финалға өткен кезекті боксшы атанды, деп хабарлады sports.kz. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер...

Әділбек Ниязымбетов

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов біздің құрама сапындағы жартылай финалға өткен кезекті боксшы атанды, деп хабарлады sports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек 1/2 финалға шығу үшін үнді боксшысы Сумит Сангванмен кім мықтыны анықтаған.

Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшының мерейі үстем болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 

Оцените пост

0