• 4144
  • 1
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өлкетану әдебиеттерін жинақтап, насихаттау — кітапхана жұмысының негізгі бағыты. Оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға тарту, кітап оқудың маңыздылығын насихаттау мақсатында «Бір қала – бір кітап» жобасы ұсынылып, оқырмандар арасында қызу қолдау тапты.

Өлкетану әдебиеттерін жинақтап, насихаттау - кітапхана жұмысының негізгі бағыты. Оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға тарту, кітап оқудың маңыздылығын насихаттау мақсатында «Бір қала – бір кітап» жобасы ұсынылып, оқырмандар арасында қызу қолдау тапты.

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқырмандары арасында биылғы жылдың басында «Бір қала – бір кітап» жобасы аясында «Бүкіл қалалық оқуға өзіміздің жерлес ақын-жазушыларымыздың қандай кітабын ұсынар едіңіз? - деген сауалнама жүргізілген болатын. Сөйтіп, оқырмандар таңдауы бойынша Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы таңдалды.

Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Әр адам өзі тұрып жатқан кіші Отанының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, әдебиетін білуге міндетті. Қазақстанның рухани-мәдени орталығы қасиетті Семей өңірінде туып өскен, еңбек еткен талантты қаламгерлер аз емес.

«Бір қала – бір кітап» жобасының мақсаты: Әр сөзі - шежіре, әр ісі - үлгі-өнеге болған жазушының осы «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын оқырмандарға насихаттау.

Осы мақсатта Семей қаласының орталық кітапханасы мен Өскемен қалалық орталық кітапханасы арасында «Мәңгілік махаббат жыршысы» атты онлайн-конференция ұйымдастырды. Конференцияға «Қайнар» колледж, гуманитарлық-экономикалық колледж, көп салалы колледж оқытушылары, студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Онлайн-конференцияға ақын, әнші, композитор Құсмілия Нұрқасым, журналист, драматург, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Жұмабек Қамбаров, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, Абай ауданының құрметті азаматы Мұратбек Оспанов, Гуманитарлық-экономикалық колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оразхан Ботанова, Семей көп салалы колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гауһар Мұқашева қатысып, аталмыш шығарма бойынша талқылап, сөз сөйледі. Өскемендік оқырмандар арасында қызу пікірталас туындап, бір-біріне сұрақтар қойып, онлайн-конференция өте қызықты өтті.

«Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы қалай жазылды? Қанша уақытта жазылды?Романда Меңтай неге трагедиялық күйге ұшырайды? Осы сұрақтар төңірегінде Қалалық орталық кітапхана қызметкері ой қозғады.

Осы кітаптың авторы Ә.Нұршайықовтың көзін көрген, ой таласып, пікір бөліскен адамның бірі Жұмабек Қамбаров. Ол «Сіз кітаптың авторымен қашан таныстыңыз? Осы кітапты оқыдыңыз ба?» - деген сауалдарға жауап берді.

Өскемендік оқырмандар тарапынан туындаған сауалдар төңірегінде Жұмабек Қамбаров, Құсмілия Нұрқасым, Мұратбек Оспанов сынды ақын, жазушылар тұшымды жауап қайтарды.

Ә.Нұршайықовты бүгінгі жастар «Махаббат патшасы», «Махаббат президенті» деп атайтын болды. Семейге келіп, 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында Әз-аға сөз сөйлеп: «Бұл атақ менің ҰОС-на қатысқаным үшін алған марапаттарымнан да артық еді», - деген еді. Міне, халық жазушысын осы атаққа жеткізген романын көне шаһарымыздағы киелі шаңырақтың бірі - Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры тұңғыш рет сахналады. Бұл спектакльдің  режиссеры осы театрдың басшысы, ҚР Мәдениет қайраткері Бауыржан Төлеков. Осындай спектакльдің бірінші рет 2008 жылы Семей сахнасынан көрсетілгенін біз мақтаныш етеміз.

Қазақ жастарының неше буынын шынайы махаббатқа, адал достыққа, жоғары адамгершілікке тәрбиелеп келе жатқан «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқымаған жан кемде-кем. Сонау 70 жылдардан бері қаншама жас бұл шығарманы жастана оқып, тәтті қиялға, асқақ арманға беріліп, махаббат пен достықтың қадірін түсінді.

Менің өмірдегі кредом, азаматтық мақсатым - екеу. Оның бірі – махаббат, екіншісі – достық, - деп жазушының өзі айтқандай, адамгершілік, ізгілік, рухани құндылықтарды шығармасының өзекті тақырыбына айналдырған. Әзілхан Нұршайықов өзі өмірден озса да,  артында рухани мұралары қалды. Солардың бірі «Махаббат, қызық мол жылдар» атты романы болатын.

Жазушының шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Сондай шығармалардың бірі жары Халимаға  арнаған  «Мәңгілік махаббат жыры»  атты прозалық поэмасын орыс тіліне шебер аударған жазушы, аудармашы Мұрат Сұлтанбеков екендігі оқырмандардың қызығушылығын тудырды. Оқырмандар шығарманың жастарға беретін тәрбиелік маңызы жайлы пікір таластырды.

«Әзаға - нағыз халық жазушысы еді. Оның әрбір шығармасын жұртшылық қызыға оқитын. Өмірінің соңғы күндеріне дейін қолынан қаламын тастамаған қаламгер өнімді еңбек етіп қана қоймай, халқымызды ынтымақ пен бірлікке шақырып, тәуелсіз еліміздің тілеуін тілеп өтті. Оның шығармалары ізгілікке қандай толы болса, өзінің жаны да сондай нұрлы да мөлдір еді. Мен оның өзіме берген батасын, жазған хаттарын, арамызда болған әңгімелерді ұмытпаймын. Әзағаның өнегелі өмірін, жарқын бейнесін, ғибраты мол шығармаларын халқымыздың да ұмытпасына сенемін», - деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз бағасын берген.

Шара барысында оқырмандар романның бас кейіпкері Ерболдың Меңтайға арнаған өлеңдерін оқыды.

2005 жылы жазушының он томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Тұсаукесерге жиналған оқырмандармен өзінің қуанышын бөлісіп, Әз-аға былай дейді:

«Бүгін мен аса зор бесінші бақытты басымнан кешіп отырмын.

Бірінші бақытым, кешегі 1418 күнге созылған сұрапыл соғыста 786 күн алғы шепте жүріп, фашистермен соғысып, аман қалғаным болатын.

Екінші бақытым, қазақтың Халима сияқты дана қызына үйленгенім еді.

Үшінші бақытым, балаларым.

Төртінші бақытым, оқырмандарымның маған деген сүйіспеншілігі. Мәңгілік бақытым осы он томдығымның шығуы деп ойлаймын.

Өзі айтқандай,  жазушы өмірден озса да,  артында рухани мұралары қалды. «Махаббат, қызық мол жылдар» атты романы көңілді толқытады, өмірді қалтқысыз сүюге шақырады, адамгершілікке үндейді, оқырманның іздеп жүріп оқитын сүйікті шығармасына айналғанының тағы бір куәсі болдық.

«Бір қала – бір кітап» жобасы биыл бірінші рет ұйымдастырылса да, оқырмандар жерлес ақын-жазушылардың шығармаларын оқуды бұдан әрі жалғастыра беру қажет деп тапты.

24 октября 2013, 17:18
2436

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8755
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3115
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3272
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3036
  • 51
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2793
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2862
  • 31
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2315
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2153
  • 18