Ваш Казахтелеком 2013 M10 25
875
0
0
0

Тұтынушыларға жеке кабинеттері арқылы - www.idport.kz -  жеке тұлға абоненттері үшін iD Phone қызметін қосудың жаңа сервисін ұсынамыз. Жаңа сервис тұтынушыларға компанияның сервис желілеріне...

Тұтынушыларға жеке кабинеттері арқылы - www.idport.kz -  жеке тұлға абоненттері үшін iD Phone қызметін қосудың жаңа сервисін ұсынамыз.

Жаңа сервис тұтынушыларға компанияның сервис желілеріне бармай-ақ, on-line режимде iD Phone қызметін қосу мүмкіндігін ұсынады.  Megaline/iD Net қызметтерін пайдаланып отырсаңыз және www.idport.kz жеке кабинетіңіз болса, Сізге «Ақылды үй» тарифтік жоспары бойынша iD Phone  нөмірін алу  мүмкіндігі беріледі. Жаңа сервистің  негізгі басымдығы сол, QR-код беріліп, Сізді жаңа қызметке дереу қосады және сіз телефон нөмірін  өз бетіңізше таңдау мүмкіндігіне иесіз.

 

Жаңа қызметпен бірге iD Phone нөмірін алу:

Оңай! (Бізге келудің, құжаттар жинаудың қажеті жоқ).

Әрі жеңіл! (5 минуттың ішінде iD Phone нөмірі қалтаңызда).

 

Бірінші кезекте, жаңа сервис  iOS (iPhone, iPad) және Аndroid операциялық жүйелеріндегі смартфондар пайдаланатын мобильді клиенттерге  тартымды! Оның үстіне, бұл санаттағы қолданушылар үшін AppStore, Google Play қосымшалар дүкендеріне орналастырылған мамандандырылған  Soft-phone iD Phone бағдарламасы жасалып отыр.

 

Абоненттің жеке есепшотында  қарызы болмаған жағдайда, ол жаңа сервиске қосыла алады.  Қызметке айына 1 рет қана қосылуға  немесе оны өшіруге  болады. Аталмыш сервиспен қалай жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен http://idphone.kz сайтына кіріп, «Үйге арналған»/ «Баптаулар бойынша нұсқаулық» тарауынан таныса аласыздар

 

Оцените пост

0