Yvision.kzYvision.kz
kk
Екпiн
Екпiн
Екпiн
431 постов3 подписчика
Дарынды жастар мен замандастарымыздың өмірлік тәжірибесі, мақсаттары, ойы, ұстанған қағидалары жайында сөз етеді. Фоторепортаж, шолу, тарихи маңыздылығы бар материалдармен бөліседі.
7
23:06, 23 октября 2013

Кітап оқу туралы 5 минуттық дәріс

Blog post image

Бук-скауттың оқырманның қолайлылық зонасы туралы пікірі

«Манн, Иванов и Фербер» баспаханасының бұрынғы бук-скауты Сергей Король Лебедев Студиясында дәріс оқып, кітаптан неғұрлым көп пайда алу үшін оны қалай оқу қажет екенімен бөлісті.

Субвокализация — мәтінді ішімізден оқу үрдісі. Адам минутына 200-300, кейде 400 сөз жылдамдықпен сөйлей алады. Бұл шамамен оның оқу жылдамдығымен сәйкес келеді. Жылдам оқудың белгілі теорияларының ешқайсысы шын мәнісінде жұмыс істемейді, себебі субвокализацияны бәсеңдете отырып, мәтінді жақсы меңгеру мүмкіндігі ғылыми түрде дәлелденбеген. Сөздердің қалай дыбысталатынын елестете алмайтын керең-мылқау адамдар да сөздерді ішінен айтады, бірақ бұл саусақтарды қимылдату немесе қол бұлшықеттеріне күш салу арқылы жүзеге асады. Демек, субвокализация үрдісінің физиологиялық негізі де бар. Кез келген мәтінді асықпай әрі мұқият оқу керек, мүмкін болмаса, оқуды кейінге қалдырған жөн.

Біздің жадымыз үзінді түрінде жұмыс жасайды — нәтижесінде біз оқылған кітаптың 85% ұмытып қаламыз. Бірақ, есте сақталатын ақпарат көлемін ұлғайтудың бірнеше жолы бар. Ол үшін белсенді оқу тәсілін қолдану керек — белгілер қою, қызықты немесе пайдалы үзінділерді көрсету, болашақта тереңірек ақпарат іздеу үшін сұрақтар құрастыру. Кітап бетіне қарындашпен белгі қоюға, doc-файлда немесе Evernote қызметінде жазбалар жасау. Оқығаннан кейін рецензия немесе қысқаша мазмұн жазсаңыз, бұл кітапты меңгеруде көп көмегін тигізеді, ал ең құнды ақпарат үнемі қолжетімді болады.

Жаңа кітапты алғаш оқығаннан кейін толықтай түсіну әдетте қиын болады. Кітапты жақсы түсінудің жолы — оны екі рет оқу. Мортимер Адлер өзінің «Кітаптарды қалай оқу керек?» атты еңбегінде сүйікті шығармаларымызды тіпті бес-алты рет оқуға кеңес береді.

Blog post image

Кітапқа аяусыз болыңыз, елу бет ережесін ұстаныңыз. Егер алғашқы елу бет ішінде кітап сізді қызықтырмаса — оқуды тоқтатыңыз, кітапқа екінші мүмкіндік бермеңіз. Сөйтіп, бір кітапты шамамен бір сағат ішінде сараптап шығуға болады. Әлемде сапалы әдебиет өте көп, сондықтан уақытыңызды жаман кітаптарға бөлмеуге тырысыңыз. Өзіңізге күніне кем дегенде бір сағат кітап оқу мақсатын қойыңыз. Сонда сіз жылына шамамен елу кітап оқисыз, ал бұл орташа көрсеткіштен әлдеқайда жоғары.

Кейде өзіңіздің оқырман қолайлылығы зонасынан шығуға тырысыңыз, тәжірибе ретінде өзіңізге ұнамайтын жанрдағы кітапты оқып көріңіз. Мысалы, сіз нон-фикшнды жақсы көрсеңіз, детектив немесе махаббат хикаясын оқыңыз. Бұндай тәжірибе парашютпен секіру сияқты әсер қалдырады. Одан кейін өзіңізге жақсы таныс жанрыңызға қайта оралу ерекше сезіледі.

Сергей Король дәрісінің толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

7
3549
1