Қарулы Күштерде мерзімді қызметін өтеген сарбаздарды запасқа шығару басталды

МО РК 2013 M10 23
189
0
0
0

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен құрамаларында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталы. Әскер түрінен мыңға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшісі запасқа...

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдері мен құрамаларында мерзімді қызметін өтеген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталы. Әскер түрінен мыңға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшісі запасқа шығарылды.

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штаб бастығы полковник Марат Уашпаев:
– Әскери қызметін өтеу кезінде сарбаздарда шын мәніндегі жауынгерлік сапа қалыптасады. Біздің жауынгерлеріміз спортпен шыныққан және төзімді. Сендер әскерде жүріп, жақсы жауынгерлік тәжірибе алдыңдар, әртүрлі көлемдегі тактикалық оқу-жаттығуарға қатыса жүріп, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгердіңдер, – деді.
Командирлер жауынгерлерге үлгілі қызметтері үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қызметтері жас жігіттер үшін ерлік пен патриотизм мектебі болғанын айтты.
Әскер қатарынан запасқа шығарылған әскери қызметшілер кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын шын мәніндегі Отан өқорғаушылары болып табылады.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше