ГЦТ «Алматытелеком» ҚТО өзінің бірінші корпоративтік стадионын ашты!

Ваш Казахтелеком October 22, 2013
1378
0
0
0

2013-жылғы 19-қазанда «Қазақтелеком» АҚ-ның 20-жылдығына орайластырып, «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы өзінің бірінші корпоративтік стадионын ашты. Спорт кешені жабық типтегі...

2013-жылғы 19-қазанда «Қазақтелеком» АҚ-ның 20-жылдығына орайластырып, «Алматытелеком» қалалық телекоммуникация орталығы өзінің бірінші корпоративтік стадионын ашты.

Спорт кешені жабық типтегі көрермендер трибунасы бар футбол алаңымен, баскетбол және волейбол алаңдарымен, сондай-ақ жеке дене шынықтыру орындарымен жарақтандырылған!

 

Жаңа корпоративтік стадион – бұл кез-келген деңгейдегі спорттық жарыстарды, сонымен қатар мерекелік шараларды; біздің филиалдарымыз арасындағы футболдан жолдастық матчтар, ресми қалалық біріншіліктер, Қазақстанның байланыс қызметкерлері қауымдастығының турнирлері, тимбилдингтер, жыл сайынғы жазғы және күзгі спартакиадалар, «Алматытелеком» ҚТО қызметкерлерінің жаттығулары, байланыс құралдары мен технологияларының экскурсиялық көрмелері, Наурыз мейрамын мерекелеу, Қазақстан халқы достығы фестивальдері және тағы басқа да мерекелік шараларды ұйымдастыруға арналған көпсалалы арена.

 

«Біздің компаниямызда қызметкерлердің салауатты өмір салтына үлкен мән беріледі. 2007-жылы «Алматытелеком» ҚТО-да біздің қызметкерлеріміздің фитнеспен айналысуына жағдай жасау үшін қазіргі заманғы ең соңғы үлгідегі тренажерлармен жабдықталған спорт залы ашылған болатын.

Бүгін сіздер айтулы корпоративтік оқиғаның куәсі болып отырсыздар: өзінің жарақталуы жағынан Алматы қаласындағы элиттік спорт кешендерінен кем түспейтін жекеменшік стадион ашылды»,- деді өз сөзінде «Алматытелеком» ҚТО бас директоры Шерхан РАЗДЫҚОВ. Стадионның инфрақұрылымы: сапалы жасанды жабындар, кәсіби жарықтандырылу, шешіну орны, себезгі кабиналары, әжетханалар, көрермендер трибунасы, паркинг.

Футбол алаңының көлемі: 55 х 37=2035 кв. м.

Баскетбол алаңының көлемі: 24х 12=288 кв.м.

Волейбол алаңының көлемі: 24х 12.5=300 кв.м.

 

Жаңа стадион – бұл кез-келген деңгейдегі спорттық жарыстарды, сонымен қатар мерекелік шараларды; біздің филиалдарымыз арасындағы футболдан жолдастық матчтар, ресми қалалық біріншіліктер, Қазақстанның байланыс қызметкерлері қауымдастығының турнирлері, тимбилдингтер, жыл сайынғы жазғы және күзгі спартакиадалар, «Алматытелеком» ҚТО қызметкерлерінің жаттығулары, байланыс құралдары мен технологияларының экскурсиялық көрмелері, Наурыз мейрамын мерекелеу, Қазақстан халқы достығы фестивальдері және тағы басқа да мерекелік шараларды ұйымдастыруға арналған көпсалалы арена.

Ал кешеннің инфрақұрылымына қысқаша тоқталатын болсақ, бұл сапалы жасанды жабындар, кәсіби жарықтандырылу, шешіну орны, себезгі кабиналары, әжетханалар, көрермендер трибунасы, паркинг.

Алматытелекомның қызметкерлері бұған дейін де жыл сайын шағын футболдан, волейболдан, үстелдегі теннистен, армрестлингтен, жүгіруден, шыңғымен жарысудан өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп келген еді.

Оның айғағы ретінде қалалық біріншіліктік чемпионы, «Қазақтелеком» АҚ республикалық деңгейдегі филиаларалық турнирлерінің абсолютті жеңімпазы атақтары мен Алматы қаласы байланыс операторлары арасындағы жарыстарда жеңіп алған алтын медальдары.

Мұның барлығы «Жылдамырақ! Биігірек! Күштірек!» ұранымен Алматытелеком қызметкерлерінің корпоративтік өміріне әлдеқашан дендеп еніп кеткен. Әрі тек спорттық жетістіктерден гөрі әлдеқайда маңызды мәнге ие. Ал енді – өздерінің жеке стадиондары да бар.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін «Алматытелеком» ҚТО қызметкерлері арасындағы дәстүрлі күзгі спартакиада басталды.

 

Оцените пост

0