Қайда барады Адамзат

Қайда барады Адамзат

Өлең авторы - Айгүл Сағымбайқызы

Қайда барады адамзат,
Бір-бірімен таласып.
Жағадан алып, ұрысып,
Жүргені бүгін адасып.

Жоқ болса бірін бере алмай,
Бар болса тағы көре алмай.
Дүрліксіз мүлдем жүре алмай,
Бірліктің түбін таба алмай.

Құлап жатса көтермей,
Басып, жаншып өтеді.
Ертең мүмкін өзіңнің,
Бұл басыңа келеді.

Қайда барады адамзат,
Адасқан сайын адасып.
Алланың берген өмірін,
Неліктен жүрмес жарасып.

Оцените пост

0

Комментарии

0
Видеоматериал "Қайда барады Адамзат" kaztube.kz
Показать комментарии