Түсінбедім (Қоштасу, қыз бен жігіттің)

Айгүл Сағымбайқызы October 21, 2013
284
1
1
0

Түсінбедім (Қоштасу, қыз бен жігіттің)

Өлең авторы -- Айгүл Сағымбайқызы

Түсінбедім, шіркін ай, түсінбедім
Тағдыр сезім, түсім бе, өңімбе едің
Қу талқанын шығарып, бар сезімнің
Мазақ қылып, сен мені, кете бердің

Шыдай алмай, булықтым, көз жасыма
Бар тілегім, оралсаң сен қасыма
Бір тал гүлді ұстаттың, сен қолыма
«Бөгет болма», деп зіркідің, «Сен жолыма»

Осылайма еді мен тағдырдан сұрағаным
Сен едің ғой, сенерім де, жалғыз бағым
Кімге сенем, қайда барам, о «Жалғаным»
Қалғаның ба, мәңгі болып, маған «Сағым»

Оцените пост

1

Комментарии

0
Видеоматериал "Түсінбедім (Қоштасу, қыз бен жігіттің)" kaztube.kz
Показать комментарии