Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
17:01, 21 октября 2013

Алматы, Almaty

Автор: Айгүл Сағымбайқызы

Алматым деп, әндетіп,
Түсірмейін еңсенді.
Жетімсіреп қалды деп,
Біреу айтса, кім сенді?

Жасыл қалам, бақ қалам,
Қанат бердің ұшырып.
Әсем, сұлу кең қалам,
Таққа талай қондырып.

Өзіңнен туды жас қала,
Бірақ одан не пайда.
Ағашсыз қалды, жан қала,
Мөлдір арық, ол қайда?

Осылай күнде қала ма?
Жылардай боп сырласам.
Берік бол, енді, жасыма,
Деп өзімді, жұбатам.

Кешір бізді, жан қалам,
Тілейтінім Алладан,
Қасиетті, қоңыр кең далам!
Өсіп, өн әлі, қайтадан.

 

Видеоматериал "Алматы, Almaty" http://kaztube.kz/kz/video/91438

 
0
237
1