Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:40, 21 октября 2013

Сіз өлімнен кейін тағы бір өмір бар екендігіне сенесіз бе?

Егер тек адам баласының денесін қарастырсақ – күндердің бір күнінде, өлім әркімді күтіп тұрғаны белгілі. Бәріміз білеміз, осы өмірде еш тірі жан ажалдан құтыла алған емес. Тіпті өзімізге жаңа дене жасап алып , және ой-сезімдерімізді сол денеге тасымалдаған кезде де, өмірдің әрдайым қауіпсіз орта болатынының дәлелі жоқ. Біз өлім сәтін мүмкін аз-маз кешіктіре алатын дәрежеге жететін де шығармыз, бірақ соңында физикалық тіршілігіміз әйтеуір тоқтайды. Мәңгілік – адам сияқты тірі жандарға өте көп, тым ұзақ. Өзімізді сақтап қалатын еш бір сақтық немесе резервтік системалар, бізге - 100% кепілділік бере алмайды, әсіресе қарсыласымыз уақыттың «мәңгілік» қасиеті болған жағдайда.

Күн сайын планетамызда шамамен - 150 000 адам қайтыс болады. Секундына - 2 адам. Бұл құбылыстың ерекшелігі жоқ десе де болады. Енді, осы жайт, бізге әртүрлі трагедиялардың көрінісін бере ме? Егер 3000 адам бір сәтте ғайып болса, ол бір күндік қорытындының - 2%. Бұл әлеммен салыстырғанда көп те емес.

Ал енді ең қайғылы факт. Сіз ажалдың өзіңізге қашан келетінін білесіз бе?

Бүгін сіздің осы өмірдегі соңғы күніңіз болғанда өзіңізді қалай сезінер едіңіз? Бұл бүгін, алдыңғы айтып кеткен 150 000 адамға маңызды сұрақ болады. Шынымен де, солардың ішінде қаншасы алдында тұрған ажалға дайын екен.

Посттың басты сұрағы – өлімнен кейін не күтіп тұр?

Әттең, қанша рет діни өсиеттер мен сөздерді тыңдасақ та, оларды түсінуге тырысқанмен де, - жанымызға бір тыныштық пен сұрақтың жауабын бермейтін сияқты. Солай ма? )

Олай болса, сұрағымызға басқа тұрғыдан қарап көрейік. Нақтырақ келсек, сұрағымызды кішкене өзгертейік. – Өлімнен кейін бізді не күтіп тұрған ЖОҚ?

Ақиқат әр біреуімізге әртүрлі болып көрінеді. Ол көрініс қоршаған ортамызға және наным-сенімдерімізге байланысты. Бірақ, бәрімізге ортақ көріністер бар екендігімен келісейік.

Біріншіден, біз о дүниеге еш нәрсені алып кете алмаймыз. Барлық материалды заттарымыз осы дүниеде қалады (ия-ия, сүйікті Самсунг телефоныңыз, лимитсіз интернетіңіз және басқа да шара-бараңыз осы дүниеде қалады). Осыны бәріміз білеміз және байқайп та жүрміз. Келісеміз бе? Келіссек, жалғастырайық.

Екіншіден, біздің денеміз осы дүниеде қалады (жүрек, ми, қан т. б.)

Айталық егер, барлық заттарымыз осы дүниеде қалса, онда осы дүниедегі үйренген өнерлеріміз және біліміміз қайтыс болғаннан кейін өзімізге керек болмай қалатын да шығар. Шыныменде, білген СНиПтер, мемстандарттар, С++, Дорнбуштың девальвациялық теориясы, темір-терсектің төзімділігі туралы үйренгеніміз, о дүниеде пайдасын тигізбейтіні әбден мүмкін.

Ал егер, қайтыс болғаннан кейін өзімізге тиесілі нәрселердің әйтеуір біреуін сақтап қалатын болсақ, ол материалдық заттарға қатысы болмайды деп есептеген жөн және білім-өнерлеріміздің көбі керек те емес сияқты.

Демек, егер бір нәрсені өзімізбен бірге алып кететін болсақ, ол материалды емес жаратылыс. Ол біздің сана-сезіміміз. Оны әр кім түрлі атаулар кейіпінде біледі: жан, рух, ес, және т. б. Нақты атау біздің жағдайда тым маңызды да емес.

Екі балама, екі жол, екі болмыс:

  1. Қайтыс болғаннна кейін сана-сезіміміздің бір бөлшегі бізбен бірге қалады – ал материалдық болмысымыздың нәрселері ғайып болады.
  2. Қайтыс болғаннан кейін біз толығымен тіршілігімізді тоқтатамыз. Сана-сезіміміз денемізбен бірге өшеді.

Басқа варианттар бар деп айтуға болады. Бірақ барлығы түбі осы екі баламамен сабақтасады. Өлімнің түбі осы екі жол. Қай тұрғыдан болмасын, қай діни көз-қарастан болмасын. Яки біз басқа, физикалық емес болмыста тіршілігімізді жалғастырамыз, яки мүлдем ғайып боламыз.

Ал енді, осы екі жолдың қайсысы ақиқат болуы мүмкін?

Жалғасы бар...

0
952
0