«Үздік әскери қалашық» байқауы басталды

МО РК 2013 M10 21
249
0
0
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Үздік әскери қалашық» атағы үшін байқау басталды. Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ең үздік қалашықты анықтау мақсатында аталған шара ағымдағы жылғы...

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде «Үздік әскери қалашық» атағы үшін байқау басталды.

Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен ең үздік қалашықты анықтау мақсатында аталған шара ағымдағы жылғы 21 қазан мен 10 қараша аралығында өңірлік қолбасшылықтарда, әскер тектері мен гарнизондарда өткізілетін болады.

Байқау тұрғын үй мен қызметтік қорды сақтау, гарнизон маңайын абаттандыру, тұрмыс жағдайын жақсарту, қауіпсіздікті сақтау, әскери қызметтің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Тексерудің қорытынды нәтижелерін салыстыру арқылы ең көп балл жинаған байқауға қатысушы ұжым  жеңімпаз атанады.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0