Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығулары шетелде өтеді — шаңғышы Н.Чеботько

Kazsport agent 2013 M10 20
201
0
0
0

Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның спорт шебері, шаңғышы Николай Чеботько мәлім етті. «Ертең біз дайындық...


шаңғышы Николай Чеботько

Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның спорт шебері, шаңғышы Николай Чеботько мәлім етті.

«Ертең біз дайындық жаттығуларын бастаймыз. Бұл — ұзақ кезең. Алдымен біз Австрияға он күнге барып, Рамзау тауларында жаттығамыз. Одан кейін бір айдай Финляндияда боламыз. Басты мақсат — аяқты қарға ертерек тигізіп, дайындықты бастау. Арғы жағын бапкерлермен бірге көре жатармыз. Мен өзім жеке және командалық спринтті қалаймын. 15 шақырымға дейін кез келген дистанцияға дайынмын…50 шақырымнан басқа», — дейді Н.Чеботько.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 

Оцените пост

0
Дальше