место в рейтинге
  • 81930
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Ұлылық мәйегі

2005,"Сарыағаш" газетінде, 2006,"Сарыағашым-сырлы өлкем" әдеби жинағында басылды.

Қараңғы бөлмеде жазушы отыр.

Үстел шамы аққу мойынын әсем ие, оның қарсы алдындағы толған айдай ақ дөңгелекке бар нұрын шашырата төніп тұр. Дөңгелектің ортасында ақ парақ шақырая жылтырайды. Парақтың беті тап-таза. Үстінде үшкір жебедей қара қалам көлденеңінен көсіліп жатыр.

Жазушы сол қолымен үстелге шынтағын таяна, басын ұстап, сол аппақ қағазға тесіле, тас мүсіндей қалқияды. Бірақ оның ұшуға талпынған қырандай қомдана отырысынан, қағазға оқтай тесілуінен, қос қалың қабағының қатулана түйілуінен, ала көлеңкеде колдары мен қос шекесінде дүрдиіп анық көрінген күре тамырлардың білеуленуінен және кең бет-жүзі мен жазық маңдайының алабұртуынан іштей айрықша бір ышқыныста, өте қуатты толғаныс-тебіреністе отырғаны сезіледі. Жазушы жазуға отырып еді...

Ес білгеннен-ақ қаламға әуестенген көңілін бір құдірет бірте-бірте бір жапырақ ақ қағазға таңды да тастады. Міне, бүкіл өмірі осы үстел жиегінде өтіп келеді. Одан сәл ұзаса, тіршілігінің мәнісі жоғалып, жалғызсырап, жетімсіреп қалады. Бүкіл жан дүниесін ой қысып, тез-ақ үйреншікті орнына қайта жайғасады.

Көптен жүрегінің түкпірінде әлдилеген сырлы сезім жылдам ойға орана өсіп, енді міне, тұлабойын құрыстыра құныстап, тырп еткізер емес. Тек қағазға таспадай таңбалап қана жегі құрсаудан арыласың.

Жазушы оң қолын жіті қимылдатып, қара қаламды сүйрік саусақтарымен сығымдай икемдеді де, сәл шайқай аңырып, қағаздың жоғары жағына ірі де әсем әріптермен асықпай бір қатар жазу жазып қойды. "Ұлылық Мәйегі".

Бұл екі сөздің көкейде ақ көбелектей қалбалақтап, қанат қағып жүргені қашан, бірақ қағазға түсуі алғаш рет. Қара қалам зіл қара тастан қашалғандай, зорға қимылдады. Ауыр. Қалам ұшына түскен ой салмағы батпан-батпан. Осы қос сөз бұлақ суындай мөп-мөлдір қиялында қалқи көрінсе болды, артынша көз алдында төрткүл дүние біртұтас иірімделе шыр айналып, тылсым тұңғиығына тартады-ай, шіркін. Дәл осы мезетте көз-құлағы бітеліп, сыртқы дүбірмен байланысы еріксіз үзілгенімен, ішкі бір айрықша түйсігі қайта сол сарынға сұғындыра сүңгітіп, онымен бір жан, бір тән етіп кіріктіріп қайнайды. Аңсар әлемге ауадай тарап, сиқырымен ым-сөзсіз сырласады, сарынын будай бойына сіңіреді.

- Ах, дүние! - дейді бұл, көңілінде айрықша аңсау ма, сағыныш па немесе асығыстық па, өкініш пе немесе бәрі бірге араласа-қосыла.

" - Ах, дүние!.. Сарқырамадай гуілдеген сарының сырлы түндегі ғашықтардың сыбырындай нәзік те үздіге көкейіме құйыла келе, қос ішектің қоңыр үніне, одан мың сан бұраулы аңыз аспаптың абыз сазындай алпыс екі тамырды қуалай аңырайды.
Сиқырлы саз әлемінде жоғалған инедей жүрегім ерке сұлудың қылығындай жалт-жұлт еткен қырық бояудың, тоқсан түстің жұмбақ та жойқын шапағына шомылады. Оған араласа-таласа арыстандай арындаған, еліктей екпіндеген қарбалас тіршіліктің қою иісі тұлабойыңды тұншықтыра аңқиды. Аңқиды да бүкіл өткеніңді, қазіргіңді, келешегіңді шиіре шырматып, көкейіңді бір-ақ мезетте орап алады. Көңілің ұшқындап лапылдаған оттай алаулайды. Санаң сан саққа қашады. Қазір ғана көңілге қонып тұрған дүние қазір ойнақшып, елестей ебелектейді, қазір ғана самұрықтай салмақты самғаған тіршілік қазір қылымсып, шегірткедей секеңдейді. Жаратылыстың айшықты арбасын асықпай сүйреген қазанаттай уақыт табанда ауыздығын шайнаған асау тұлпардай аспанға шапшып, темір тұяғымен тас уатады. Заматта дүние сиқырды құлай сүйіп, ынтығып тұрған көңілің сол заматта мына пәниден жерініп, безер болады. Ой-сезімдерің мұхит толқынындай толықсып, жаныңның жартастарына аяусыз соғады, соғады кеп... Мың құлпырған құбылыстарың ешбір тосқауылсыз, мөлдір айнадан өтіп жатқан жарық сәулесіндей, жанымның түкпір-түкпірлерін жаулап-билеп, тәнімнің, қанымның әрбір бөлшегін қобалжытқаны қобалжытқан. Жұтып жібергендей. Жан-тәнімді кернеп-тасытқан, симай сапырылысқан асау дүние-ай!.. Қалай ғана көтерейін сенің бұла бейжайлығыңды, шалқыма шабытыңды... Көкейімді оттай күйдіріп барады уақыт тұлпардың асау шабысы, шыңғыра шарықтауы... Оу, от дүние-ай!.."

Жазушы жаза алмады. Ол орнынан ұшып тұрып, қараңғы бөлмеде ерсілі-қарсылы теңселе жүріп кетті. Тылсым тыныштықта тек өзінің тынысы тарыла демалысын және кеудесінде бұлқынған жүрек дүрсілін есітті.

" - Өткеннің бәрі өмір емес, жүректе жазылып, шамшырақтай өшпесе, өмір. Өмірдің ақиқаты жылдармен, сағаттармен емес, секунд, мезеттермен ғана өлшенеді. Мәнді мезеттермен. Өмір лезде жарқ етіп, өте шығар санаулы ақиқат мезеттерінен
тізілген. Басқасы - мөлдір әйнектің бетіне айғыздана жағылған, саталақ-саталақ кір-қоң. Сол бір маржан мезеттерді ұстай алсаң ғой, шіркін!.."

... Ия...ия... Көңілі селт етіп серпілгенде сол бір сәулелі ақиқат мезеттері жарқ ете қалады.

... Қайбір жылы көктемнің ашық күні үй жанындағы бақшада шұқыланып, бой жазып жүрген. Ойдан сергу үшін бар ынта-шынтасымен шаруаға беріліп, әрбір ұсақ-түйек істен ләззаттана қимылдады. Сол арада бақшаны жиектей қоршаған темір тордың қисайған тұстарын жөндеп жүріп, оны байлаған қазыққа көзі түсті. Әлдеқашан қатып-семген, қабықсыз жалаңаштанып жылтыраған қу кеспектің шоқысынан көбелектің қос қанатындай егіз жапырақ бүр жарып шығыпты. Таңырқағаннан тырп ете алмай, сол жалғыз желбіреген жасыл желекке тігілген күйі отырып қалған.

О, Құдірет!.. Саған сөз жоқ... Өлі томардың да өзегін жібітіп, өмір нәрін бойына сіңіріп, тірілмесіне қоймадың, о, жердің құдіреті. Сол сәтте ғана тіршіліктің тегеурінін, айналадағы байқаусыз өлі дүниеге жан кіргізіп, әр беріп тұрған өмір деген шамшырақтың өшпес жалынын жан дүниеммен ақиқат қабылдадым емес пе. Туған жердің құдіретін жүрегіммен түйсіндім, табындым. Бұл сәтті тек адамның туылуымен ғана салыстыруға болар. Тіршіліктің жаралуы! Бұдан асқан ғажайып, бұдан асқан ақиқат бар ма?!

Баяғы... тұңғыш ұлы... жоқ, тек ол емес, әрбір баласы туылған сайын жүрек тереңінен тебірене-толғанып, айрықша бір күйге түсетіні бар. Менің ұрпағым, мен жараттым, менің ізім деген әкелік сезім өз алдына, одан да әрі толғанатыны -
көз алдындағы тіршіліктің, өмірдің алапат тегеуріні, айналада қоршаған тілсіз меңіреу, сана-сезімсіз бітеу деген дүниеге кенеттен жан бітуі. Өмірдің өлі дүниеден үстіндігі, қашан да ақиқат басымдығы. Сол өмір ақиқатының бір-ақ мезетте жарқ етіп санаңды айрықша сергектетіп, келесі мезетте тұманға сіңгендей себезденіп жоғалуы. Иә, өмір - жалғыз ақиқат. Ақиқат күнде және әркімге көріне бермейтін тұңғиыққа жасырынған. Бірақ көрінер сәті бар. Неге олай... бір Тәңірімнің өзі біледі.

... Студенттік кезде өз тобымен Алатаудың шатқалдарына саяхатқа барған. Ойын-күлкі, ырду-дырдудан жалыққан бір сәтте өзі оқшауланып, жіңішке тау өзенінің терең аңғарына түсіп алып, жоғарыға серуендеп кеткен. Тасты жырып, төменде аққан таза тау суының сылдыры ғана естіледі. Бір өзі зорға сиып келе жатқан тар аңғардың қос қапталы биік жартас, төбеңнен шірене қараған қос қара диюдей сескендіреді. Соған көкіректенді ме, әлде жастық па, кім білсін, әйтеуір өзі де күтпеген жерден сол жартасқа өрмелей жөнелді. Әлі есінде, көңілі шынымен-ақ "жауды жапырардай" еді сонда. Құдай біледі, үш-төрт адам бойындай биікке көтеріліп, жартастың жоғарғы жиегіне қолы ілініп-ақ қалған еді, табанындағы тас ытқып кетіп, өз-өзін ұстай алмай, төменге құлады. Құлдилай құлап барады. Сол мезетте... Иә, сол мезетте көз алдында найзағай ұрғандай жарқ етті. Айнала дүние де, көңілі де, санасы да айрықша ап-айқын бір күйге түсті. Ұшып келе жатып жартастың әрбір кедір-бұдырын, әрбір тасын, өсімдік-шөбін ерекше анық көріп келеді, санасы болса өте ерекше орнықтылықпен, автомат сияқты, тұла бойын басқарып ала жөнелді. Ешнәрсені ойлап та үлгермеді. Тіпті, бұл мұндай құлауға әбден жаттыққан адамдай, тұла бойы өздігінен ширақ қимылдап, қолын ана тасқа, аяғын мына тасқа тіреп, түк болмағандай жерге топ етіп қонды. Тек жүрегі
алқымынан шығып кетердей дүрсілдеп тұр еді. Сол арада санаулы ғана секундтар өтіпті, ал көңілінде, есіне түсірсе, жерге сонау ғарыштың биігінен сағаттап құлдилағандай. Таңырқағаннан тырп ете алмай, сол жерде ұзақ отырып қалған.

" - Е-е, өмір! Қандай тәттісің!.. Мұны өлімге бетпе-бет қарсы келген бір-ақ мезет көрсетеді екен-ау. Кездейсоқ ыңғайын келтіріп, өлім өз аранына тартқанда, тұлабойыңдағы өмір тайталаса, бар қуат-тегеурінін жиып күреседі екен. Әрбір мүшеңдегі, әрбір жасушаңда сабырлы жатқан, жасырын аққан өмір заматта тау суындай буырқанып, найзағайдай оталып, тұлабойыңды кернеп, күш беріп, ой-сананы сергектетіп, тазалық пен айқындық беріп, жебе оғындай өткірлеп, зымырап, жан-тәніңді бір-ақ мезетте біртұтас, шағылмас өмір жаңғағына, өмір Мәйегіне айналдырады".

Ал кейін... дүние сол баяғы өзінің мелшиген маңғаз сарынына қайтады. Өн бойың саябырлап, салқындап, жарым-жартылай ұйқылы-ояу қалпына келеді. Өмір - ақиқаттың алапаты алыстап, ақ сеңгір аспанға аққудай қалқып, батып кетеді.

Аспан демекші...

... Оңтүстіктен Алматыға қайтып келе жатқан сүліктей жеңіл көлік қалқиған жалғыз жолаушысының айдауымен кешкі алакеуімді қақ тіле зулап келеді. Қордай асуына түсе бергенде... Ия, сол мезетте...

Күн аспанды етектей, алдағы жотаның төбесіне қоныпты. Күндізгі көзді қаритын от сәулелері қайтып, алып жұмыртқаның өзегіндей қызыл-сарыланыпты. Айнадай жылтыраған тас жол нар түйенің өркешіндей өңкиген екі жотаның ортасына майыса ағып түсіп-шығып, сол алып Күннің дәл ортасына қойып кетеді екен. Оның шапағынан тек жол үсті ғана қою қызғыштанып, жан-жағы біртіндеп қызыл-
қошқылданып, тез-ақ қараңғылыққа оранып жатыр. Арғы беткейде ойыншықтай кішкене болып көрінген КамАЗ үстіндегі кенебі алаулаған тудай желбіреп барып, бір кезде Күннің "ішіне" түсіп жоқ болды.

Көрді де... абдырап қалды. Бір сәтке өн бойы шымырлай қызып, ышқынып, саусақтары басқару дөңгелегін қайта-қайта сығымдап қыса берді. Өзі де зымырап, сол Күннің алапат аждаһа отына "құлап" бара жатыр еді.

" - Мүмкін сол мезетте түйсіндім бе екен өмір ақиқатын. Мына жарық күннің шын қадірін, меңіреу қараңғы дүниеден жіңішке жол төсеп, жетелеп шығар жарықтың құдіретін, ақиқат мезетінің ғаламдық өрттей жан-тәнімді шарпуын сол сәтте ғана жүрекпен сезінсем керек...".

Жазып келеді, өмір бойы жазып келеді. Еш түпкі ақиқатқа жетер емес. Тек ақиқатты қажет етті, ақиқатқа сенді, ақиқатты іздеді. Ішкі айрықша бір бөтен сезік о баста өмір бастауы болар түпкі негіздің, мына, әншейінде жалған көрінер жалпақ дүниені растайтын тереңдіктің түбі барын түсінгендей еді, оны өзі "ақиқат" деп атады, кейін "ақиқат - елес, жоқ та шығар-ау" деген күдік те болған, бірақ жаны тыныш таппады, көңілі ақиқаттың бар болуын қалады. Таңданды - ақиқаттың бар-жоғы өз көңіл-қалауына байланысты екен. Тіпті, әркімнің, мүмкін, өз ақиқаты бар. Тіпті, ақиқатты іздемей-ақ, оны білмей-ақ жалғанды жалпағынан кешіп жүргендер де... жүр.
Оларды еш кінәламады.

Жоқ. Өз жүрегі тек сол түбі жоқ тереңге құмарлығынан арыла алмады. Онсыз өмір-тіршілігінің титтей де мәнісі, татымды мазмұны жоқ еді.

Ақиқаттың тұңғиығы бүкіл жан-тәнін иірімдей жұтып, тұтас сана-сезімін билеп, сиқырлап алып келіп, қолына қалам ұстатып, оның ұшынан құдіретін қандай тамшылатып, сөзбен сорғалатып қойды. Ә, Құдірет! Қалам ұстап, қағаз басына отырса болды, көңілі кенеттен лезде тазарып, көкейіне айрықша бір алапат жарық нұры шашырап, санасы жүз жасаған қарияның даналығындай салмақты, сезім-түйсігі ғашықтардың жүрегіндей тұтқыр да өткір күйге түседі.

Қиялы бүкіл дүниені кеңінен шарлап, тереңінен толғап кеп бергенде, тұлабойы жарылып-жыртылардай алапат азаптың бұрауына түседі. Сол азаптың отты ортасынан тек санаулы мәнді мезеттер ғана құтқарғандай болады. "Суға кеткен тал қармайдының" кебін кешіп, сол мезеттерден жансауға сұрайды. Сол мезеттерден пендешілік өмірге тозбас тұғыр, қайтпас рух тұрғызуға жан-тәнін салады.

"Әй... бәрібір ұстатпайды-ау, ақиқат ұстатпайды... Шынымен-ақ елестей. Құдай-ау, жоқ болса, жоқ нәрсе де осынша жетектей ме, сүйрелей ме пендені, осынша азапқа сала ма?!. Мақсатың не, айтпағың не?!.

Мүмкін ақиқатты сөзге сиғызып, суретпен тұлғалау мүмкін емес шығар, оны тек әлгідей ақиқат мезеттерінен әркім өз сана-сезімімен, ішкі айрықша түйсігімен көруі керек шығар. Адамды, өмірді, мына сыры терең дүниені бір Құдай жаратқан екен, оның түпкі ақиқатын да Өзі ғана білсе керек. Онда... ақиқатты қаламмен қайта жаратпаққа ұмтылған менікі күпірлік пе?!. О, Жаратқан! Күнәмді кеше гөр!..

Саған шәк келтірер ниетім жоқ екенін білесің. Тек, Өзің жаратқан мына дүниенің алдамшы жалғандығын тәрк етіп, тұңғиығына түсіп тастай түбірін, биігіне самғап Өзіңдей Ұлылығын жан-жүрегіммен құшпақшы едім. Ұлылықтың Мәйегінен нәр тату арман. Бұл, мүмкін, Өзіңе еліктеу шығар... Мүмкін Өзіңе жетелеуің шығар... Адам баласы Өзіңе табынбаса, Өзіңе көзсіз ұмтылмаса, мына Өзің жаратқан дүниені, өмірді шексіз сүйіп, жаратушы құдіретіңе жығылмаса, онда оның несі ақиқат?! Өмірге шексіз құмарлығым, оны тоқтаусыз-толассыз қайта жарату талабым - міне, Жаратқан, Өзің жаныма еккен менің түпкі ақиқатым. Өмірді, оның, тіпті, әрбір сәтін қайта жарату деген - оны тірілтіп, жан кіргізу деген. Адам затының жан толғанысынан, сана-сезімінің ыстық аялауынан өтпеген мезет - өлі, өткінші. Жалған. Жарату - өмірді ақиқатқа айналдыру".

... Жазушының көңілі шегіне жете тасып, толғанды. Жаны аласұрды. Рухы әлдеқашан жер бетіндегі жалпақ жалғаннан көтеріліп, тұтас дүниеге рухи әлемнің шыңырау биіктерінен Жаратушының көзімен шола шарықтап жүр еді.

Үстел үстіндегі толған айдай ақ дөңгелектің тұтқынында жатқан ақ қағаз айналасына нұр шашты, оның бетінде құдіретті қара қалам жан иесін күтіп жатыр...

 
20 октября 2013, 1:53
433

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 7562
  • 5
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3150
  • 12
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2974
  • 2
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2065
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1978
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 2008
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1935
  • 51
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
вчера / 13:50
  • 1966
  • 12