Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:58, 18 октября 2013

Қазақстанның Әскери-теңіз күштері Каспийдегі стратегиялық нысандарды лайықты қорғайды («Шағала-2013» оқу-жаттығуы)

Blog post imageКаспий теңізінің қазақстандық бөлігінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» оқу-жаттығуы жалғасуда.

Жаттығуға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы мен әскери-теңіз базасының жауынгерлік даярлық, тылдық қамтамасыз ету, қару-жарақ, байланыс, мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімдері мен қызметтерінің әскери қызметшілері қатысуда.

Бүгін «Шағала-2013» оқу-жаттығуы шеңберінде тәжірибелік кемелік атыстар жүзеге асты. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Қазақстанда жасалған жаңа зымырандық-артиллериялық «Қазақстан», «Орал» кемелерімен өмірлік маңызы бар нысандарды, оның ішінде мұнайгаз кешендерін, қолдан жасалған аралдарды күзету мен қорғау элементтерін пысықтады.

– Штат үйлесімді қимылдады, барлық нысаналар жойылды. Жаттығу Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы жүктелген міндеттерді орындауға және теңіздегі мемлекеттік мүдделерді қорғауға дайын екенін көрсетті, - деп атап өтті «Шағала-2013» оқу-жаттығуының жетекшісі 1 дәрежелі капитан Серік Борамбаев.

«Шағала-2013» оқу-жаттығуы Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік қабілеті мен әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындық деңгеін арттыруға бағытталған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2013 жылғы 17-19 қазан аралығнда Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде «Шағала-2013» оқу-жаттығуы өтуде. Үш күндік оқу-жаттығу барысында мемлекеттік шекараны күшейту, жауынгерлік атыстар жүргізу арқылы теңіздегі кемелерді күзету мен қорғау пысықталады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
295
0