Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде

Kazsport agent 2013 M10 17
186
0
0
0

Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сынға қазақ мергендері де аттанған. Он жеті жастағы Санжар Мұсаев ұлдар арасындағы жекелей сында финалға...


садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты

Қытайдың Уси қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сынға қазақ мергендері де аттанған.

Он жеті жастағы Санжар Мұсаев ұлдар арасындағы жекелей сында финалға шықты. Демек, қоржынымызда кем дегенде күміс жүлде бар деген сөз.

Отандасымыз алдымен поляк Кашпер Визонды, француз Томас Коенигті, ширек финалда тайпейлік Ли Чи Тангты ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Арслан Валдановтан 7:1 есебімен басым түсті. Санжар енді алтынды англиялық Патрик Хюстонмен сарапқа салады, деп хабарлайды alaman.kz.

 

Оцените пост

0