Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
6
08:18, 17 октября 2013

Армандағы ақ көйлек

Әрбір бойжеткен ақ көйлек киіп қалыңдық атанған күнді асыға күтеді. Ақ көйлек таңдаудың машақаты да көп. Сондықтан мәселе той көйлегіне келгенде біраз кідіріп қаламыз. Түрлі газет-журналдарды ақтарып,  атақты дизайнерлердің көйлектер коллекциясынан өзімізге тартымды үлгісін іздейміз.

Бүгінгі жазбада  назарларыңызға  сәнгерлер таңдаған ең үздік той көйлектер үлгілерін ұсынамын.

Жұлдыздардың керемет  той көйлектер бестігін Кейт Хадсон  aшады. “Bride Wars” киносын көргеннен кейін Vera Wong-тың мына көйлегі миллиондаған қыздардың арманына айналды.

White By Vera Wong коллекциясы сәнді әлем халқын кербез және тартымды  фасондарымен  жыл сайын тамсандырып келеді.

Blog post image

Атақты Ким Кардашьянның таңдауы да белгілі дизайнердің осы көйлегіне түсті. Дизайнердің  той көйлектер коллекциясы ерекше. Нәзік жандылардың арманын орындайтын ғажайып сыйқыршы секілді.

 

Blog post image

“Twilight” фильміндегі Изабелланың Alfred Angelo-ның атластан жасалған көйлегі бір қарағанда өте қарапайым көрінгенімен, өзіндік ерекшелігімен үлкен әсер қалдырады.  Көйлек артындағы  нәзік өрнектер образды  тартымды етіп көрсетеді.

Blog post image

Ұлы Британия ханшайымы Кейт Миддлтонның той көйлегін атақты Алесандр Маккуин сән үйі тікті. Әлем халқы үлкен толғаныспен күткен "Күлше қыз" көйлегі нағыз ертегідегідей  болып шықты. Нағыз ханшайым келбетіне сай бейне.

 

Blog post image

Audrey Hepburn қанша уақыт өткенімен сән әлемі иконаларының бірегейі. Оның “Funny Face” фильмінде киген нәзік те сүйкімді Givenchy көйлегі актрисаның  кішкентай дене бітіміне жарасап-ақ тұр.

Blog post image

Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі той көйлегі бүгінге дейін өз қадір-қасиетін жоймай, жастар арасында әлі де үлкен сұранысқа ие. Түрлі ою-өрнектермен, әшекей тастармен өрнектелген ұлттық киімдер тарихқа толы.

Өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле. Ол той көйлегінің ең басты негізін құраушы. Сәукеле кию жаңа өмірге қадам басу деген мағынаны білдіреді. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігіліп асыл тас, алтын, күміс, інжу-маржан, алтын жіппен безендіріледі. Төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары да болады.

Blog post image

Blog post image

 

Blog post image

Ал, біздің қазақ аруларымыз қандай көйлектерді таңдайды?

Назарларыңызға бойжеткендеріміздің Инстаграммға жариялаған фотосуреттерін ұсынамыз.

Blog post image

Blog post image

Ал сіз армандаған үйлену той көйлегі қандай?

Қарлыға Құрманғалиқызы

6
10711
1