Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:15, 17 октября 2013

ҚР Қорғаныс министрлігі: Президент Жолдауы Қарулы Күштерде жүзеге асырылуда

Бүгін, 17 қазан күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық насихат тобы «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығында жұмысын бастады.

ҚР Қорғаныс министрінің шешімімен құрылған кешенді ақпараттық насихат тобы 17-23 қазан аралығында Үшарал, Аягөз, Өскемен және Семей гарнизондарында болып, Ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылу барысын тексереді.
Бүгін Бас штаб бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов бастаған кешенді ақпараттық-насихат тобы өз жұмысын Үшарал қаласынан бастады. Қорғаныс министрлігінің мамандары әскери қызметшілермен және олардың отбасы мүшелеерімен кездесіп, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты заңдардың ережелері мен нормативтік құқықтық актілерді талқылайды, Мемлекет басшысы Жолдауының жүзеге  асырылуы барысымен танысады.
– Ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Қарулы күштерінің алдына біздің саны шағын, кәсіби әрі қазіргі заманғы ең жаңа техникамен жабдықталған Армия болуымыз жөнінде тапсырма қойды. Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінде кәсіби армияға өтудің барлық шарттары жасалған. Әскери қызметшілер лайықты еңбек ақы алады, тұрғын үй мәселесі шешілуде,  офицерлер мен сержанттар шетелдердің ең мықты оқу орындарында білім алуда,-деді ҚР ҚК Бас штаб бастығының орынбасары. – Қазіргі заманғы кәсіби армия заманауй идеологиялық тұрғыдан қарауды талап етеді. Әскери патриоттық клубтардың жұмысын заманауй, креативті  тұрғыда жандандыру қажет,-деп атап өтті полковник Мұхамеджан  Таласов әскери бөлім командирлерімен кездесуінде.
Топ басшылығы апта бойы жергілікті билік органдарының басшылығымен кездесіп, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, Қарулы Күштер мен жергілікті билік өкілдерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыру мәселелерін пысықтайды.
Ақпараттық-насихат тобының құрамындағы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің 35 адамнан құралған көркемдік тобы әскери бөлімдерде, гарнизондарда әскери қызметшілер мен жергілікті жердің тұрғындары, ардагерлер мен жастар үшін концерттер қоймақ.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
291
0