Қазақстан Әскери-теңіз күштері «Шағала-2013» жаттығуын бастады

МО РК 2013 M10 17
210
0
1
0

Бүгін, 2013 жылғы 17 қазанда Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» жаттығуы басталды. Жауынгерлік шара барысында әскери...

Бүгін, 2013 жылғы 17 қазанда Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Шағала-2013» жаттығуы басталды.

Жауынгерлік шара барысында әскери қызметшілерге қойылатын басты  тапсырма – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы стратегиялық нысандарды, жасанды аралдарды, мұнайгаз кешендері нысандарын қорғау және сақтау болып табылады.

Үшкүндік жаттығу кезінде мемлекеттік шекараны күшейту, жаңа «Қазақстан» мен «Орал» ракеталық-артиллериялық  кемелерінен жауынгерлік атыс жүргізу кезінде теңіздегі кемелерді күзету мен қорғау шараларын жүзеге асыру жоспарлануда.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақовтың айтуы бойынша «Шағала-2013» жаттығуы Әскери-теңіз күштері штабтарының дайындық деңгейін тексеруге, басқа да әскер түрлерімен және тектерімен өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, сондай-ақ кеме экипаждарының әртүрлі навигациялық және ұрыс жағдайында қойылған тапсырманы орындауда тәжірибе жүзінде біліктіліктерін жетілдіре түсулеріне мүмкіндік бермек.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

1
Дальше