Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:15, 16 октября 2013

Astana Dakar «Марокко» халықаралық жарысында көш бастап келеді


«Марокко» халықаралық жарысы

Ралли-рейд бойынша Astana Dakar командасы екі күндік жарыс қорытындысы бойынша «Марокко» халықаралық жарысында алдыңғы орындарды иеленді.

Осылайша, Денис Березовский басқаратын № 311 экипаж Т2 класында бірінші орынға жайғасса, ал оның командалық әріптестері — Айдын Рахымбаев пен Бауыржан Исабаев — мәреге жеткендердің арасында алғашқы ондыққа ілікті.

«Жарыстың екінші кезеңі оңай болған жоқ, әр түрлі кедергілерден өтуге тура келді. Кеше құмнан өтсек, бүгін тастар мен тауларды бағындырдық. Бұл ерекше жаттығу болды. Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша, біздің жағдайымыз жаман емес — кеше өз класымызда екінші орындағылардан 39 минутқа алға шығып, алғашқы нәтижені көрсеттік. Бүгінгі күні біз өз нәтижемізді жарыс кезінде кездескен көптеген қиындықтарға қарамастан, тағы 12 минутқа жақсарттық және Production (Т2) класында алғашқы орынды сақтап қалдық», — деп мәлімдеді Д.Березовский.

Денис Березовский мен штурман Игнат Фалковтың экипажы жалпы турнирлік кестеде 23-ші орында келеді.

Сондай-ақ,Т1 класында Astana Dakar командасы атынан қатысатын екі экипаж — А.Рахымбаев және Б.Исабаев жарысты алғашқы ондық сапында жалғастырып, жетінші және сегізінші орындарда келеді. Қос экипаж да жарысқа жаңа штурмандармен қатысуда. А.Рахымбаевтың штурманы Константин Жильцов — кезінде атақты «Шөл түлкісі» Жан-Луи Шлессерге көмекші болған үздік штурмандардың бірі, Б.Исабаевтың штурманы — «Дакар» және «Жібек жолы» жарыстарында аты шыққан отандасымыз Ғабдолла Әшімов.

«Астана» кәсіби президенттік спорт клубының алдында раллидің үшінші күні тұр. Команда 400-ден астам шақырымды игеруі тиіс, оның 250-і арнайы аумақтар болып табылады

 
0
241
0