Әлем чемпионатына аттанатын зілтеміршілердің есімдері белгілі болды

Kazsport agent 2013 M10 13
196
0
0
0

Польшаның Вроцлав қаласында өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық зілтеміршілердің есімдері белгілі болды. Vesti.kz сайты хабарлағандай, кеше өткен негізгі оқу-жаттығудан...

Польшаның Вроцлав қаласында өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық зілтеміршілердің есімдері белгілі болды.

Vesti.kz сайты хабарлағандай, кеше өткен негізгі оқу-жаттығудан кейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни чемпионатқа баратын спортшыларды іріктеп алды. Ерлер құрамасына Тимур Хасаров пен Арли Чонтей (56 келіге дейін), Альберт Линдер (62 келіге дейін), Владимир Седов пен Алмас Өтешев (94 келіге дейін), Ескендік Момынбеков, Сергей Истомин және Зелімхан Әбубәкіров (105 келіге дейін және одан жоғары) кірсе, әйелдердің атынан Галина Мамотова (48 келіге дейін), Маргарита Елисеева (53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова (58 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін), Анастасия Халикова (75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары) ел намысын қорғайтын болды. Ал Қазандағы жазғы Универсиаданың күміс медаль иегері Александр Зайчиков, Азия ойындарының жүлдегері Кирилл Павлов, Қазан Универсиадасының чемпионы Фархат Харки және Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшымыз Анна Нұрмұхамбетоваға демалыс берілді.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Польшаның Вроцлав қаласында қазанның 20-26 аралығында өтеді.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 

Оцените пост

0
Дальше