Жыл сайынғы республикалық «Парасатты полицей» байқауын өткізу туралы ақпарат

mvdgovkz 2013 M10 12
1231
0
0
0

Үстіміздегі жылдың 10-11 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан халқының Тілдер мерекесі аясында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы...

Үстіміздегі жылдың 10-11 қазан күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан халқының Тілдер мерекесі аясында ішкі істер органдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы республикалық «Парасатты полицей» байқауы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарында тіл саясатын насихаттау, ІІО қызметкерлерінің оң имиджін нығайту, қызметкерлерді Отанға, тілге, өз елінің тарихына деген патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем тіл мен әдебиетті насихаттауды жандандыру болып табылады.

Байқауға республиканың барлық аймақтарындағы ішкі істер бөліністерінің құрама командалары қатысты.

Жалпы алғанда, байқауға барлық облыстардың ІІД қызметкерлерінен, сондай-ақ жоғарғы және арнайы оқу орындарынан барлығы 21 команда сайысқа түсті. Оларды бағалайтын әділ-қазылар мүшесінің құрамына ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары                  А. Күреңбеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты О. Асанғазы, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары Ш. Құрманбайұлы, Тіл жанашыры, «Құрмет» орденінің иегері    О. Ботпай мен «Сақшы» газетінің бас редакторы Б. Әділжанова кірді.

Сондай-ақ аталған іс-шараға еліміздің тіл жанашырлары – ҚР Мәжіліс депутаттары, министрліктердің басшы құрамы, қоғам қайраткерлер, ғалымдар мен ақындар шақырылған.

Байқау 2010 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді.  Республикалық іс-шараның аясында «Парасатты полицей дегеніміз кім?», «Туған тілім-тұғырым», «Мен ата-анамды мақтан тұтамын» атты тақырыптарда шығармашылық байқаудың қорытындылары жария болды. Сондай-ақ байқау қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ү.ж. 11 қазанында сағат 17.00-де «Тілеп Қобыз Сарайында» (Астана қаласы, Керей мен Жәнібек көшесі, 18) өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша 5 номинация айқындалды. Олар:

«Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша ІІМ Ақтөбе заң институтынан Малаев Інкәрбек Бауыржан;

«Өнерпаз команда» номинациясында Қарағанды облысы ІІД-нің  «Алаш айбыны» командасы;

«Көрермен көзайымы» номинациясында Шығыс Қазақстан облысы ІІД-нің             «Өр-Алтай сақшылары» командасы;

«Үздік команда капитаны» номинациясында Жамбыл облысы ІІД «Қаһарман елдің ұландары» командасы;

«Ұйымшыл команда» номинациясында Атырау облысы «Атырау қырандары» командасы.

Сонымен қатар байқаудағы орындар төмендегідей болды:

ІІІ-ші орын – Солтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің «Солтүстік жұлдыздары» командасы;

ІІІ-ші орын - Ақмола облысы ІІД-нің «Көкше қырандары» командасы;

ІІІ-ші орын -  Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің «Қақпан» командасы;

ІІ-ші орын  Қостанай облысы ІІД-нің «Ақ берен» командасы;

ІІ-ші орын Маңғыстау облысы ІІД-нің «Маңғыстау марғасқалары» командасы;

І-ші орын Алматы облысы ІІД-нің «Айбатты арлан, Тайсалмас тарлан» командасы;

«Бас жүлде» Астана қаласы ІІД-нің «7172» командасы.

Байқау жеңімпаздарын ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары А. Күреңбеков арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен және марапаттады. Жүлделердің ішінде: ІІМ шипажайларына жолдамалар, ведомстволық басылымдарға жазылу, «Алатау» спорт кешеніне жылдық тегін абонементтер мен спорт киімдері бар. Байқаудың соңы қазақстандық эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі

   

Оцените пост

0
Дальше