Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:02, 11 октября 2013

Генерал-майор Әмір Халықов: «Қазбриг» барлық міндеттерді сапалы орындап шықты

- Халықаралық келісімге сәйкес Қазақстандық бітімгерші әскерлер құрамы Ресей Федерациясының аумағында өтіп жатқан «Мызғымас бауырластық-2013» бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысуда.

Кез келген оқу-жаттығу әскери қызметшілер жауынгерлік дағдысының жоғары үлгісі болып табылады. Еліміздің Президенті – біздің Жоғарғы Бас Қолбасшымыз, Қорғаныс министрі бітімгершілік контингентті даярлау мен жарақтандыруға айрықша көңіл бөледі.

Бітімгершілік оқу-жаттығуының басты мақсаты – бітімгершілік міндеттерді орындау, осы оқу-жаттығуға қатысатын түрлі бітімгершілік контингенттердің үйлесімділігін пысықтау. Мен бітімгершілік құрамның, жарақтануы, қару-жарағы, техникасы, біздің бітімгершілік контингенттің машықтануы барлық халықаралық стандарттарға сай келетінін атап өткім келеді. Қазақстандық әскери қызметшілердің жеке құрамы бітімгершілік контингенттің алдында тұрған барлық жаттығу жауынгерлік міндеттерді орындауға қатысты. Ол міндеттер - қарсылас тараптардың арасын ажырату, буферлік аймақ қалыптастыру, жауапкершілік ауданын қоршап алу және оқшаулау, гуманитарлық жүктерге ілесіп жүру және т.б.

Оқу-жаттығу басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің жақсы даярлығын атап өтуде – барлық міндеттер сапалы әрі жоғары бағаға орындалды.

0
383
0