Астана: Қазіргі заман өнер мұражайы

Алия October 10, 2013
11635
0
10
0

Астана қаласындағы Қазіргі заманғы өнер мұражайы 1980 жылғы 2 қазанда ашылған. Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың...

Астана қаласындағы Қазіргі заман өнер мұражайы 1980 жылғы 2 қазанда ашылған. Отыз жылдан астам өнердің дамуына атсалысып келе жатқан мұражайдың жеке коллекциясында төрт мыңнан астам көркем шығарма жинақталған.

Мұражай негізгі үш зал мен қосымша көрме залынан тұрады. Небәрі тоғыз ғылыми қызметкер Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Армения, Латвия, Литва, Эстония және Тәжікстан суретшілерінің шығармаларымен жұмыс жасайды.

Өнердің барлық түріне қызығатын жандар үшін мұражайда фортепиано да бар.

Суреттерді сақтау орындары

Суреттерді сақтау үшін сақтау орындарында арнайы температура мен ылғалдылықтың қажетті деңгейі қамтамасыз етіледі.

Мұражайда "Цветная азбука" атты үш жастан тоғыз жасқа дейінгі балаларға арналған мектеп-студия жұмыс істейді.

Қазіргі заманғы өнер мұражайы қаладан алшақ жерлердегі балабақша, мектептер мен әскери бөлімдерде жылжымалы көрме ұйымдастыру тәжірибесін бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келуде. Бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендерді қайта әлеуметтендіру бағдарламасы бойынша да зор жұмыс атқарылуда, мұражай абақтыларда да жылжымалы көрме ұйымдастырудан басқа, лекциялар оқиды, мастер-кластар өткізеді және шығармашылық сайыстар жасауда қол ұшын береді.

Жоғарыда аталған шаралар жайында ЮНЕСКО сарапшысы Нина Кочеляева Астана қаласының Қазіргі заманғы өнер мұражайына барған мәдени сапарында бұндай тәжірибе құндылығының аса жоғары екендігін ерекше атап өтті.

Жыл сайын мұражайға 70000 адам келеді, мыңнан астам іс-шара өткізіледі. Қазір мұражайда "Қазақстанның алғашқы суретші әйелдері" атты көрмені тамашалауыңызға болады. Қазанда "Теплые цвета Армении" көрмесі, қарашада суретші Асғат Диникеевтің жеке көрмесі ашылады.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 3.

Жұмыс уақыты: сағат 10:00 мен 19:00 аралығында, күнделікті (дүйсенбіден басқа)

Кіру: Ересектерге 200 теңге, балаларға 60 теңге. Соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кіру тегін. Зейнеткерлерге 50% жеңілдік бар.

Материалды дайындаған: Айжан Байтанова

Материалды өзге сайттарға көшіруге редакцияның рұқсатынсыз жол берілмейді

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

«Ғылым ордасындағы» Сирек кездесетін кітаптар мұражайына фото шолу

«Ғылым Ордасындағы» Табиғат мұражайына фото шолу

Жамбыл Жабаевтің мұражай-үйіне фото шолу

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейі

Мұхтар Әуезовтің мемориалдық мұражай-үйі

Астана: «Has Sanat» өнер галереясы

Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайы

Оцените пост

9