Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:48, 10 октября 2013

Қаржы полициясы агенттігінде пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өтті

Ағымдағы жылғы 10 қазанда қаржы полициясының ресми өкілі М.Жұманбай пара беру фактілерінің жолын кесу жұмысының нәтижелеріне арналған брифинг өткізді.
Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі болып табылады.
Қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар пара беретін тұлғалар да тартылады.

Пара бергені үшін қылмыстық заңнамамен ең ауыр жаза ретінде мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Пара берген адам, егер оған қатысты қорқытып пара алу орын алған болса немесе ол адам пара бергені туралы қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органға өз еркімен хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қаржы полициясы парақорлықпен, оның ішінде пара берумен күресті күшейтті.
Мәселен, егер өткен жылы пара беру фактілері бойынша қаржы полициясы 97 қылмыстық іс қозғаса, ағымдағы жылдың 8 айында осындай 132 қылмысты анықтады.
Қаржы полициясына оларға пара бергені туралы хабарлап жүгінген лауазымды тұлғалардың саны артуда. Қаржы полициясы бұл арыздар бойынша пара берушілерді жауапқа тартуға қажетті шараларды қабылдауда.
Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында қаржы полициясы қызметкерлеріне пара ұсынатын тұлғалар да аз емес.
Бұндай жағдайда, олар пара беру үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі. Егер пара беру ұсынысы тоқтамаса, аталған тұлғаларға қатысты кейін оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін заңға қайшы іс-әрекетін бекіту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі.
Соңғы бір жарым жылда қаржы полициясы органдарында жүргізілген өз қатарларымызда адал емес қызметкерлерден тазалау жұмысы мен өткен жылы өткізілген кезектен тыс аттестаттау нәтиже бере бастағанын атап өтуіміз керек. Оған келесі статистика куә.
Мәселен, егер 2012 жылы біздің қызметкерлердің оларға пара беру ұсыныстары түскендігі туралы баянаттары бойынша 12 қылмыстық іс қозғасақ, 2013 жылдың 8 айында ғана біздің қызметкерлердің арыздары бойынша қаржы полициясына пара берудің 23 фактісінің жолы кесілді.
Агенттік басшылығымен ведомства қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы ынталандырылады және марапатталады.
Алматы облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері қаржы полициясының подполковнигі Бабаханов пен қаржы полициясының капитаны Бұқабаев Агенттік Төрағасымен ведомствалық наградалармен марапатталды.  
Сонымен қатар, қаржы полициясы органдарында қызмет атқаруда қайтпастық танытқан және пара берушілерді әшкерелеуде жәрдемдескен қызметкерлерді көтермелеудің басқа да нысандары қолданылады.
Жас қызметкерлерді моральдік ынталандыру ретінде парадан бас тартқан қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар жіберу тәжірибесі қалыптасқан.
2012 жылы қаржы полицейлеріне пара ретінде ұсынылған 70 мың АҚШ доллары мен 720 мың теңге тәркіленсе, ағымдағы жылдың 8 айында пара берушілер қаржы полициясы қызметкерлерін жалпы сомасы 284 мың АҚШ долларына және 17 млн.теңгеге сатып алмақ болған.
Адамдардың басқа тұлғалардың арандатуларына еріп пара беруге келіскен жағдайлары жиі кездесуде.
Пара беруге айдап салу фактілері бойынша 2012 жылы 29 қылмыс анықталды, ағымдағы жылғы 8 айда – 44.
Азғырушылар азаматтарды пара беруге көндіру арқылы олардың ақшалай қаражатын иемденуді мақсат етеді.
Ағымдағы жылғы 8 айда парақоролықта делдалдық фактісі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалды.
Агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың сөз сөйлеу мәтінімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар:http://finpol.gov.kz/kaz/info/vist/?cid=0&rid=9831

 
0
241
0