Нобель сыйлығы Элис Мунроға бұйырды

Алия 2013-10-10 07:15
7486
1
0
4

Элис апай Канада тарихында Нобель сыйлығын иеленген алғашқы жазушы. Сыйлық "заманауи әңгіменің шебері" деген ерекшелеумен берілді. 2009 жылы Мунро Букер сыйлығын алған екен.

Элис апай Канада тарихында Нобель сыйлығын иеленген алғашқы жазушы. Сыйлық "заманауи әңгіменің шебері" (master of the contemporary short story) деген ерекшелеумен берілді. 2009 жылы Мунро Букер сыйлығын алған екен.

Соңғы жылдары Элис Мунро Нобель сыйлығына бірнеше рет үміткер еді және биылғы жылы букмекерлердің фавориті болды. Алайда, дәл 10 қазан күні Ladbrokes атты букмекерлік кеңсенің фавориті белорусс жазушысы Светлана Алексиевич болып шықты, ал Мунро тек төртінші орында тұрды.

Биылғы жазда 82-толған Элис әдебиеттен кетемін деген мәлімдеме жасаған болатын. «Қымбатты өмір» (Dear Life) атты әңгімелер жинағы 2012 жылы жарияланды да, осымен Элистің соңғы кітабы болып саналды.

Ағылшын тілді әдеби өмірде Элиске берілген мінездемелерден ең танымалы — «біздің Чехов» (бұл сөздің авторы — нью-йорктік жазушы Синтия Озик). Нобель комитеті де осы пікірмен келіскендей, Элисті әңгіменің шебері деп атады.

Чехов сияқты Мунро да бірде-бір роман жазған емес, алайда шығармаларының тереңдігі романдардан кем емес.

Ал сіз Нобель сыйлығын қай жазушыға ұсынар едіңіз?

Ұқсас материал: Нобель сыйлығы кімге бұйырады

Оцените пост

4

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему