Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалына қатысушылар анықталды

Kazsport agent 2013 M10 9
174
0
0
0

Теміртауда 2-7 қазан күндері волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтті. Онда 10 команданың арасынан үздік шыққан 5 команда 16-23 қазан күндері болатын...

Теміртауда 2-7 қазан күндері волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының алғашқы кезеңі өтті. Онда 10 команданың арасынан үздік шыққан 5 команда 16-23 қазан күндері болатын ширек финалдық ойындарға жолдама алды.

Енді «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»( Өскемен), «Қостанай» және «Металлург АМТ» (Теміртау), «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) волейболшылары «Астана», «Алматы» және «Ертіс-Қазхром»(Павлодар) командаларымен бірге жартылай финалға шығуға таласады. Олардың қатарын соңғы жылдары ел чемпионаты мен кубогының иегері болып жүрген «Жетісулықтар» (Талдықорған) толықтырмақ.

«Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Жетісу», «Астана» — Ұлттық лигада өнер көрсететін ұжымдар. Ал «Қостанай» Жоғары лиганың «А» дивизионында, «Қуаныш және К» оның «Б» дивизионында бақ сынап жүрген командалар.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0