Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:41, 09 октября 2013

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы — мәскеулік «Динамо»


Blog post image

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда мәскеулік «Динамо» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, Мәскеу қаласының хоккей клубы осы уақытқа дейін он бес ойын өткізді. Соның бесеуінде ұтылса, он матчта жеңіске жеткен. Команданың еншісінде 31 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде ол «СКА»-дан (33 ұпай) кейін екінші орында тұр. Үшінші орында — «Барыс». Бұған дейін өткізген он екі матчта астаналық клуб өз қарсыласынан он рет басым түскен болатын. Бұл — үлкен жетістік. Қазір «Барыста» 29 ұпай бар. Оған қоса, ол өзінен жоғары тұрған командалардан үш ойыны кем. Демек, қосымша ұпай жинап алуға толық мүмкіндік бар.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
136
0