Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:30, 09 октября 2013

ҚХЛ: буллит сериясында «Барыстың» жолы болды

«Барыс» хоккей клубы
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Витязь» командасынан буллит бойынша басым түсті.

Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңде «Барыс» қарсыластың ережені бұзып, бір хоккейшіге кем ойнағанын шебер пайдаланып, есепті ашты. Кезең соңында төрешілер «Витязь» хоккейшілерінің кейбір дөрекі әрекеттеріне қарамастан, астаналық клубтың екі бірдей ойыншысына айып уақытын белгілеп, екі минутқа мұз айдынынан аластатты. Осы кезде «Барыстың» хоккейшілері 3/5 форматында ойнап, қорғанысқа көшті. Қақпашы Ари Ахонен де қарсыластардың адуынды шабуылдарын шебер қайтара білді. Алайда бесінші ойыншының шығуына санаулы секундттар қалған кезде, Подольск қаласының командасы таразы басын теңестіріп кетті. Есеп — 1:1.

Үшінші кезеңнің алтыншы минутында қарсыластар бір шайбамен алға шықты. Содан бастап «Барыс» қарсыластардың қақпасын ұзақ уақыт бойы ала алмады. «Витязьдың» қақпашысы — Иван Ласутин барлық шайбаларды тойтарып отырды. Алайда осы команданың үш ойыншысы қатарынан ережені бұзғаннан кейін «Барыс» өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Матчтың аяқталуына бес минуттай қалғанда, Роман Савченконың соққысы дәл тиді. Есеп — 2:2. Ойын осымен аяқталып, қосымша уақыт белгіленді. Бірақ онда да жеңімпаз анықталған жоқ. Сөйтіп, буллит соққылары басталды. Онда Роман Старченко  буллитті шебер іске асырып, «Барысты» жеңіске жетеледі. Қорытынды есеп — 3:2. Астаналық клуб тағы екі ұпайға қол жеткізді.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Барыстың» еншісінде 29 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында ол көш бастап тұр. Ал жалпы турнирлік кестеде 3-ші орында келеді. Дегенмен, «Барыс» хоккей клубы өзінен жоғары тұрған «СКА» (32 ұпай) және «Динамо-Мәскеу» (31 ұпай) командаларына қарағанда, 2-3 матчқа кем ойнаған. Демек, тағы талай рет лиганың көшбасшысы атануға толық мүмкіндік бар.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
152
0