Әлем чемпионатына арнайы 100 теңгелік күміс тиындар шығарылды

Kazsport agent 2013 M10 8
250
0
0
0

Қазақстан ұлттық банкі «Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатына» байланысты арнайы 100 теңгелік күміс тиындар шығарды. Күміс тиынның бет жағына (аверс) еліміздің ел таңбасы бейнеленіп...

Қазақстан ұлттық банкі «Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатына» байланысты арнайы 100 теңгелік күміс тиындар шығарды.

Күміс тиынның бет жағына (аверс) еліміздің ел таңбасы бейнеленіп, жиегінде құнын айқындау үшін «100 ТЕҢГЕ» деп жазылған. Күміс тиынның сырт жағына (реверс) боксшылардың рингтегі айқасып жатқан сәті бейнеленген. Сол жақ бөлігінде Халықаралық бокс қауымдастығының логотипі мен «ALMATY 2013» деген жазу тұр. Ал төменгі жағына «AIBA WORLD BOXING CHAMPIONSHIPS» деп жазылған екен.

Тиынның екі жағында суреттер мен жазулар бедерленген. «Рroof» сапасымен, 3 мың данамен шығарылған бұл тиындар 925 сынамалы күмістен жасалған. Салмағы 31, 1 грамм, диаметрі – 38, 61 миллиметр.

Естелікке арналған күміс тиындар сатылымға коллекциялық бағамен шықпақшы. Олар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде сапалық сертификаттармен қапталған естелік сыйлық ретінде жіберілмек.

Дайындаған: Шерхан Талапұлы

 

Оцените пост

0
Дальше