Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:45, 08 октября 2013

Орынборда Олимпиада алауын «ҚазРосГаз» қабылдайды

Қайрат Боранбаев

Келесі жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін XXII Қысқы Олимпиада ойындары алауының эстафетасы басталды. Оған «ҚазРосГаз» ЖШС басқармасының төрағасы Боранбаев Қайрат Советұлы қатысады.

«Сочи-2014» Олимпиада алауының эстафетасына барлығы 14 000 адам қатысады. Эстафета Ресей Федерациясының 85 қаласында өтіп, Олимпиада ойындарының тарихындағы ең ауқымды әрі ең ұзақ жалғасқан эстафетаға айналмақ. Алау өз жолын 2013 жылдың 7 қазанында Мәскеуден бастап, 2014 жылдың 7 ақпанында Олимпиада ойындарының ашылуы күнінде, яғни төрт айдан кейін аяқталады. 123 күн бойы Олимпиада ойындарының алауын қатысушылар пойыздарда, ұшақтарда, ат пен бұғы үстінде де алып жүреді. 65 мың шақырымды жүріп өтетін алауды Ресейдің 2900 елдімекенінің 130 миллион халқы тамашалайды.

Олимпиада алауын 87-ші болып қабылдайтын қала — Орынбор. Онда құрметті эстфетаны алып жүру рәсіміне «ҚазРосГаз» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны басқармасының төрағасы Қайрат Боранбаев қатысады.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
156
0