Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:07, 07 октября 2013

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ТУРИСТІК КОММУНИКАЦИЯ (М.Курсабаев)

Сайт-портфолио Бекболатова Жаңбыржана Сәрсенұлы

http://zhangbyrzhan.ucoz.ru/publ/stati/lichnye/m_denietaraly_arym_atynas_teorijasyny_damu_tarikhy/13-1-0-28

Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясының даму тарихы

Мәдениет.

Бір де бір мәдениет оқшауланған түрде өмір сүрмейді. Өзінің өмір тәртібіне сәйкес ол әрқашан да өзінің бірде өткен тәжірибесіне бірде басқа мәдениеттердің тәжірибесіне бет бұрайды. Басқа мәдениеттердің тәжірибесіне қарау қылығы «мәдениеттердің қарым- қатынасы» деп аталады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың зерттеулері өздеріне көп назар аударады.

Мәдениетаралық қатынас мәселесінің назары күннен күнге өсіп тұрады.

Ұлттық мәдениет, мiнез-құлықтың шағылысулары коммуникацияның арқасында өрнектеледi. Коммуникацияның нақ сол ауызша және ауызша емес таңбалары салт, мәдениеттi, халық және елдiң сипаттарын қаттырақ бiлдiредi.

Зерттеудiң өзi және аралық мәдениеттi коммуникациялық нормалар байланысының зерттеуі кроссмәдениетті нормалар, этикеттi нормалар, ауызша және ауызша емес аралық мәдениеттi коммуникациялық бiрлiктердiң мiнез-құлығының анық айырмашылығын бередi. Аутмәдениетті нормаларының мiнез-құлықтары шет тiлін және мәдениетін оқып жүргендерге лингвомемлекеттік білімінің және мәдениетаралық компетенцияның құрылу факторының бай қайнар көзі болып табылады.

«Мәдениет» ұғымының қалыптасуы көп сипатталған. Латын тектi cultio және culteсi сөздер ежелгi Рим құжаттарындағы сөздер өңдеуді бiлдiретiн және ауыл шаруашылығында қолданылатыны белгiлi. Этимологиялық жағынан латын тілде ежелгi colere- етiстiгiнің бастапқы мәні «жер өңдеу» болған, ал кейін – «сыйлау», «қадыр тұту» деген ұғымға ие болды. Римдiк мемлекеттiк қайраткерлерде мәдениет жаңа мағыналармен ауқаттана кеңи түсті. Келесi ғасырларда топырақтың өңдеуi туралы ғана емес, ақылдың дамытуы, бiлiм және сенiмнiң артуы туралы ендi сөз бола бастады. Пұтқа табынушылық ұлы дiндерiндегi адамның мүмкiндiгiн жанды және қабiлеттiлiкті құдайға махаббат тәрбиесіне ауыстыру деген ойымен сипатталды. Философия және теология мәдениетке кiредi, оны жұтады, онымен жұтылады. Мәдениет ұғымына кейін civils –азаматтық, мемлекеттік латын терминiнен шыққан өркениет (цивилизация) ұғымы қосылады.

Мәдениет ұғым ретінде XVII ғасырының немiс заңгерiмен (1632-1694) Самуэль Пуфендорф арқылы құрылған, ал өркениет (цивилизация) ұғымы XVIII ғасырда бостандыққа, теңдiк және бауырластыққа негiзделген жаңа қоғамның мәдениетiн армандаған француз ағартушылары құрған болатын. Мәдениет термині Ресейде XIX ғасырдың ортасынан тарала бастады. Бұл уақытқа дейiн өркениет термині пайдаланылды. Өркениет ұғымында бүгiн қорытып айтқанда мәдениеттiң тарихи iске асыруы ұғылады.

Ғылым қазiргi мәдениеттер терминнiң көп анықтауларының негiзгiлерін атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мәдениет бұл – адамның қоршаған ортаны өзгерту қабілетімен байланысып, осы өзгертулер барысында пайда болатын заттардың жасанды әлемі, символдар, адам арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр характеристикасы болып табылады. Адам арқылы жасалынған және оған байланысты болатын барлық заттар мәдениет болып табылады. Коммуникация және қарым-қатынас адам өмiрiнiң ең маңызды бөлiктерi болып табылады, демек, ол дегеніміз мәдениеттiң бiр бөлiгi. Көп зерттеушiлер мәдениетті әңгімелесуге (коммуникация ) жатқызады. Э. Холлдың айтуынша мәдениет бұл коммуникация, ал коммуникация бұл мәдениет.

Адам баласы өз өмір тарихында көптеген тәртіп белгілерін құрастырды. Адам үшін таңбалар және таңбалау жүйелерiмен иеленуі, басқа адамдармен қарым қатынасқа түсу және мәдениетке қосылу деп есептелінеді.

Осыған орай пайда болған және қолданылатын бiрнеше таңбалардың түрлерi мыналар:

1. Копия таңбалары - шындықтың әр түрлi құбылыстарын шығаратын көшiрме, бiрақ өздерi шындыққа жатқызылмайды (фотосурет).

2. Нышан таңбалары - зат туралы кейбiр мәлiмет ақпарат жеткізеді (аурудың температурасы).

3. Сигнал таңбалары – келісімде бойынша жинақталған мәлімет туралы ақпарат береді (мектеп қоңырауы).

4. Символ таңбалары – қасиетіне немесе белгісіне сәйкес зат туралы мәлімет береді (мемлекеттік елтаңба).

5. Тiл таңбалар.

Бөлек таңбалар таңбалы жүйеге кірмесе немесе басқа таңбалармен қарым қатынасқа түспесе өзінен өзі қандай да бір мағынаны және құндылықты білдірмейді. Мысалы, сәлем берулердiң таңбалау жүйесi болады: әртүрлі бас ию, қол алысу, сүю, шапалақтау және сол сияқтылар.

Адам қоғамында болатын барлық таңбалар және таңбалы жүйелер қандай да бір мәдениетті, социумды құрайды. Әрбір таңбада өткен ұрпақпен қалдырған қандай да бір мағына бейнеленген. Ол дегеніміз кез келген таңбаның өз формасы мен мазмұны болатынын көрсетеді.

Әртүрлi мәдениеттердiң арақатынастары мәдени антропологияда «мәдениет-аралық қарым-қатынас» атауын алды, әртүрлі формаларда пайда болатын екi мәдениеттер арасында қарым-қатынасты бiлдiреді. Бұл айырбас саясатта және адамдардың қарым-қатынас арасында, жанұяда, формалды емес қатынаста бола алады.

Коммуникацияның вербалды және вербалды емес деген екi түрi болады.

Вербалды коммуникация адам өмір қызметтiң кез келген облысында басшылық ететiн сипатын алады. Сөз дұрыс қолдану әр бір мамандықта жетiстiкке жетуінің айырылмас бір бөлігі.

Вербалды емес сөйлесу, дене күйі және дене қимылы тілі болып саналады, өзіне сөздерге тіреспейтін адамның өздік айту белгілерін қосады. Психологтар ауызша емес сигналдардың оқуы тиiмдi қарым-қатынастың ең маңызды шарты болып табылғанын санайды. Неліктен вербалды емес сигналдар қарым-қатынаста сондай маңызды болады?

• адам 70% мәлiметтерді (визуалды) көру каналы бойынша қабылдайды;

• вербалды емес сигналдар шын сезiмдерді және әңгiмелесушi ойын түсiнуге мүмкiндiк бередi;

• әңгiмелесушiге деген бiздiң пікіріміз бiрiншi көрініс ықпалымен жиi қалыптасады, ол, өз кезегiнде, вербалды емес факторлар әсерінің нәтижесi болып саналады - жүрiс, бет әлпетi, көзқарас, киiмнiң стилi және тағы басқалар.

Мәдениетаралық коммуникация және конфликт.

Мәдениетаралық коммуникацияның екiншi мiнездемесi конфликт және түсiнбеушілік болып табылады. Мәдениетаралық кездесулер кезінде адамдардың мiнез-құлығы бiздiң күтулерлерге сәйкес келмеуі ықтимал. Бiз мұндай мiнез-құлықты жиi түсiндiрiп беремiз бұл құндылықтар және мораль бiздiң жүйенiң жасырын ниетіміз. Ол бiздiң концепциясын өзгертетін негативтi эмоцияларды шақырады. Бұл конфликт адамдармен ғана емес, (көпшiлiк пайданалатын көлiкпен, почта, сауда, кәсiпкерлiкпен) мәдени жүйенiң басқа өкiлдермен сонымен бiрге адам аралық мәдениеттi қарым-қатынастарда пайда болады.

Конфликт шарасыздығы.

Мәдениет аралық қарым-қатынаста конфликт шарасыздан пайда болады. Интеракцияның қатысушылары мәдениетаралық жағдайларда машықтана алғандай біртекті түрмен сигналдарды қабылдай немесе жібере алмағандықтан, мәдениетаралық қарым-қатынас бізді фрустрацияға немесе шыдам таусылғандығына әкеп соқтыруы мүмкін. Бұндай жағдайларда ашулану өте оңай, сондықтан қосымша күш талап ететiн интеракцияларға сол әсерінен тез қызығушылығын жоғалтуда. Интеракцияның қатысушылары сигналдарды шешуге тырысып жетiстiктерге жетсе де, интерпретация жартылай немесе екi мағыналы немесе қате болуы мүмкін. Бастапқы мағынасын дұрыс емес түсіну қарым – қатынасты одан әрі қиындатады.

Бұл конфликт екiұштылыққа мүмкiндiк туғызады. Адам екi ұштылық әсерінен сабырсызданып, фрустрация ұшырауы мүмкін. Белгісіздік деңгейі төмендеген жағдайда бәрібір вербалды және вербалды емес мәдениеттер арасында айырмашылық, сонымен қатар сол мәдениетке тән боатын эмоцияларының айырмашлығының кесірінен конфликт шарассыздан туады.

Тиiмдi мәдениетаралық коммуникация бiзге әрдайым оңай берiлмейдi. Конфликтілер және түсiнбеушіліктер шарасыз болады, ал біздің кәдімгі этноцентрлік және стереотипті ойлау түрі, конфликт және қателiктер туралы негативтi құндылық пiкiрлерге жиi бағыттайды. Мұндай пiкiрлермен негативтi эмоциялар жиi байланысады. Бұндай реакциялар интеракцияның конструктивтi қолдануын қиындатады; олар бiзге айырмашылықты бағалап және бiзге ұқсас емес адамдармен қарым-қатынасқа түсуін қиындатады.

Мәдениетаралық коммуникациясында конфликт шарасыз болғандықтан, өз негативтi ашу-қысуын басып үйрену өте маңызды болып табылады. Өз эмоциясын қадағалай алатын адам ең сәтті мәдениетаралық интеракцияларға есік ашып мәдениетаралық конструктивті процессті жеңілдете алады. Бұны істей алмаған адам есiктің сыртында қалады. Демек, эмоциялар, мәдениетаралық табыстың тәжiрибесіне кiлт бола алады.

0