Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:53, 05 октября 2013

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында «Жас Ұлан» республикалық әскери-патриоттық ойыны болып өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің қолдауымен Семейде «Жас Ұлан» бірінші республикалық әскери-патриоттық ойыны өтті. Ол Шоқан Уәлиханов атындағы ер балалар мектеп-лицейінің базасында болды.

Ойынға Шығыс Қазақстан облысының, сондай-ақ Алматы және Павлодар қалаларының мектептерінен 19 команда қатысты. Ойын барысында жоғары сынып оқушылары ойын элементтері бар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысты. Ойын бағдарламасы бірнеше түрге бөлінеді: зардап шеккен адамды тасымалдау, кедергілер жолағынан өту, аралас эстафета, жерді шартты минадан тазарту, автоматты бөлшектеу және жинау, саптық тәсілдерді орындау. Ойын ахуалы барынша  әскери-далалық жағдайға жақындатылған.

«Жас Ұлан» әскери-патриоттық ойыны бұрын танымал болған «Зарница» ойынының үлгісінде құрастырылған, бірақ оны ұйымдастырушылар ойын жоспарына жаңа байқаулар мен кезеңдер қосты, сондықтан «Жас Ұлан» ойынының өз үлгісі мен ережелері бар. Өткен сайыс барысында жас армияшыларға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы барлау бөлімшелерінің офицерлері мен сарбаздары үлкен көмек көрсетті.

Ойынды өткізудің қорытындысы бойынша бірінші орынды Уәлиханов атындағы ер балаларға арналған мектеп-лицейдің командасы бірінші орынды жеңіп алды. Айта кетерлігі әскери-патриоттық ойынның «Жас Ұлан» мектеп-лицейінің атымен ұқсас аталуы. Екінші орынды ПАвлодарлық оқушылар жеңіп алса, үшінші орынға Алматыдан келген жас армияшылар ие болды.

-    Жасөспірімдерге бұл әскери-патриоттық ойын ұнады, өйткені онда олар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлік рухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін біле алады. «Жас Ұлан» ойынын өткізу дәстүрге айналады, ал ойынның өзі алғашқы әскери даярлық жүйесінің маңызды бөлігі болады деген үміттемін, - дейді қазылар алқасының мүшесі запастағы генерал-майор Александр Мартынов нық сеніммен.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
290
0