Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:41, 04 октября 2013

Қызылордалық боксшылар «Төрт Астана турнирінде» бас жүлдені жеңіп алды


Blog post image
Қызылорда қаласында бокстан «Төрт Астана турнирі» болып өтті. Оған тарихтың әр кезеңінде Қазақстанның бас қаласы атанған Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларының құрама командалары қатысты. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Турнирдің бірінші күні Қызылорда командасы Орынбор қаласының құрамасын 7:1 есебімен ұтты. Ал Алматы боксшылары астаналықтардан басым түсті. Сондықтан екінші күні финалда Сыр өңірі мен Жетісу өлкесінің былғары қолғап шеберлері бірінші орынның тағдырын шешті. Онда қызылордалықтар 6:4 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал үшінші орын үшін таласқа түскен Орынбор мен Астана спортшыларының бәсекесі тең аяқталды.

Турнирдің қорытындысында орынборлық Габил Махметов «Үздік техникасы үшін», астаналық Игорь Шанин «Жеңіске деген жігері үшін» жүлделеріне ие болды. Сол сияқты Серік Әбденәлиев (Алматы), Аман Ақшолақов (Ақтөбе) және Аман Әжібаев (Арыс) «Үздік төреші» атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға кубок, диплом және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Биыл бірінші рет тұсауын кескен «Төрт Астана турнирі» келесі жылы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтетін болды.

   

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Автор: Жаңагүл Сердалы

 
0
376
0