Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:53, 04 октября 2013

Қазақстан Қорғаныс министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шаралар қабылдауда

Blog post imageБүгін Қазақстан қорғаныс ведомствосында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бағдат Майкеевтің төрағалығымен ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

2013 жылдың басынан бері қорғаныс ведомствосында Мемлекет басшысы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының бастамасымен жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық жоспар шеңберінде үлкен жұмыстар атқарылды.

Ол жөнінде Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б. Майкеев:
– Қорғаныс министрлігі әскерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық шараларды қабылдауда. Комиссия әскери ортада сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Қарулы Күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы бойынша бұдан да тиімді жұмыс істеуі керек. Командирлер жеке құрамға осы проблеманың мүмкін болатын нақты зардаптарын жеткізіп, әскери қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруы керек, – деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша 2013 жылдың 8 айында Қарулы Күштерде 16 сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған (Анықтама: 2013 жылдың 8 айында республикада 1452 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген). Жалпыреспубликалық статистикаға жүгінсек, әскерлерде 8 ай ішінде жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, армияның жауынгерлік қабілетіне кері әсер ететін жүйелі сипаты жоқ екендігін дәлелдейді.

Кеңеске қатысушылар 2014 жылға арналған Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын талқылады. Бұл құжат жауапты лауазымдарға қабылданар алдында міндеттемелер қабылдай отырып, айрықша жоғары талапты бекітетін лауазымдар тізімін ұлғайтатын болады.

Жоспарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы үшін арнайы тексеруді жүргізетін механизмдер де қарастырылған. Бұл ретте осындай тексерістен өтпеген тұлғалар әскери қызметтен шығарылатын болады.

– Комиссияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген іс-шаралары тек жазалаумен ғана шектелмек емес, әскерлерде жемқорлыққа қарсы тұру механизмдерін жасау болып табылады. Әскери қызметшілер әскери қызметтерін лайықты жағдайда өткеру керек.Біз бүгін Қарулы Күштердің беделіне нұқсан келтіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына байланысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқыладық. Қорғаныс министрлігінің басшылығы қабылдаған әскерлердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы әрбір әскери қызметшіге жеткізіп отыруымыз керек, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б. Майкеев.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
292
0