СҚО-да Абылай ханның 300 жылдығына байланысты ат спортынан жарыс өтті

Kazsport agent 2013 M10 2
222
0
0
0

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында Абылай ханның 300 жылдығына орай ат спортынан жарыстар өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз...

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында Абылай ханның 300 жылдығына орай ат спортынан жарыстар өтті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жарысқа Солтүстік Қазақстан облысынан, Астана мен Ақмола облысының Макинск қаласынан елуге жуық сәйгүлік қатысты.

Қызықты әрі тартысты өткен 1600 және 2400 метр қашықтықтағы бәйгеде Макинск қаласынан шабандоз Николай Бабич пен СҚО Қызылжар ауданының «Зенченко и К» КС жұмысшысы Әбдуәли Нұрметовтің Пит фейл және Преферанс желісті аттары жеңімпаз атанды.

5 шақырымдық құнан бәйгеде Астана қаласынан келген шабандоз Берік Айтбаев Лама тұлпарымен бірінші болып келді. Ал жеті шақырымдық жорға жарысында Чарли  сәйгүлігімен СҚО Есіл ауданының шабандозы Вячеслав Таровников мәреге бірінші жетті.

Ал 15 шақырымдық аламан бәйгеде Астана қаласынан келген Нұрғазы Еркебұланұлының мерейі үстем болды.

Жарыс жеңімпаздары дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды

 

Оцените пост

0
Дальше