Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады

Kazsport agent 2013 M10 2
176
0
0
0

Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр. Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар...

Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр.

Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар бүгін енді ирактықтармен күш сынасады. Топтық сында «Е» тобының үздігі атанған кореялықтар Азия чемпионатында бұған дейін 4 дүркін жеңімпаз атанған болатын. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасын 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырған олар топтық сында ирактықтарды 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді қазақстандықтар 6 қазанға дейін созылатын бұл додада 9-16 орындарға ғана таласатын болды.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
 

Оцените пост

0